Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 отбасы 2-3 баладан асырап алған: Америкадағы қазақ баласы тағдырын айтты

6 отбасы 2-3 баладан асырап алған: Америкадағы қазақ баласы тағдырын айтты

Kyzylorda-news.kz.  Америка бала асырап алудан да бірінші орында. Қазақстандық жетім балалар әлемнің 30 еліне тарап кеткен. Олардың 6 мыңнан астамы АҚШ-та. Балалардың 5 мыңнан астамы кәмелет жасына толып кеткен. Тек 900-ден аса бала кәмелет жасына жетпеген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
2 және 3 жасында Қарағандыдағы "Малютка" балалар үйінен АҚШ-қа жол тартқан Руслан мен Әлияның өмірі қазір түбегейлі өзгерген. Олар 1999 жылы туған жерінің шекарасын тәрк еткен. Балалардың туған әке-шешелері бөлек.
Олардың асырап алған әкесі Фрэнк:
"АҚШ-тан бала асырап алуға 8 отбасы бардық. 6 отбасы 2-3 баладан асырап алған. Тек 2 отбасы бір баладан алды",-деп айтты.
50 жастан асқанда бала асырап алған олар қазір 70 жаста. Өз балалары жоқ. Өмірде бар жиған-тергенін қазақ балаларының ауызына тосқан. Ерлі-зайыпты:
"Екеуін асырап алған соң, көп нәрсе өзгерді. Олар біздің өмірімізді мәнге толтырды. Бала асырап алмағанда, өміріміз тым сүреңсіз болар еді. Туған күнін тойлаған секілді біз оларды асырап алған күнімізді мереке қып тойлаймыз. Біз оларды асырап алғанымызды, қай жерде туғанын айтып өсірдік",-деп қуанышын айтты.
Бүгінде ата-анасынан бөлек тұратын 26 жастағы Руслан:
"Бала кезімде көп адам маған аянышпен қарады. Бір мүсәпір секілді көрді. Бірақ мен ешқашан асырап алған бала болғаныма өкінген емеспін. Менің ата-анам керемет адамдар. Олар әлемдегі ең жақсы адамдар. Мен үшін бәрін істеді. Ешқашан өзімді өгей сезінген емеспін",-деп ағынан жарылды.
Руслан пысық, белсенді бала болған. Қазір де бір уақытта бірнеше шаруа атқарып жүре береді. Ол өзінің бала кезде ашуланшақ болғанын айтады. Ол – мотцикль айдайды. Құзға өрмелейді. Регбиден бапкер. Юта шататы бойынша регбиден ерлер құрамасының мүшесі. Бір жыл бұрын жеке компаниясы болған. Қазір регби киімдерін сататын компания ашуға дайындалып жүр. Юта университетінде криминалистика бойынша медициналық дайындық курсын оқып жүр. Ол хирург болуды армандаған. Қазір құлдыққа қарсы күресу мақсатында кримминология саласын таңдаған. Ол адамдарды құлдықтан босатқысы келеді. 
Фото: видеодан скриншот 
kyzylorda-news.kz​​​
24 қаңтар 2024 ж. 269 0