ЖЫРАҚТА ЖҮР ЖЕТІМДЕР
Жасыратыны жоқ. Бүгінде бала асырап алуға құлықты жандардың да жыл сайын қатары артып келеді. Дегенмен, қуануға әлі ерте. Өйткені өз ата-аналары өзектен тепкен жетім балалар өзімізден емес, өзге елден пана тауып жатыр. Шекара асып кеткен сәбилер қазір қайда?
Рас. Біз расымен «жетімін жылатпаған, жесірін далада қаңғытпаған» ел едік. Бірақ қазір олай айта аламыз ба? Өйткені қазір жетім баланы бауырымызға баспақ түгілі, жаңа туылған шақалақты дәретханаға қалдырып, қоқыс жәшігіне тастайтын болғанбыз. Ойнап жүріп от басқан жастар, маскүнемдікке салынған әкелер, безбүйрек аналар көбейді.
Рас. Біз расымен «жетімін жылатпаған, жесірін далада қаңғытпаған» ел едік. Бірақ қазір олай айта аламыз ба? Өйткені қазір жетім баланы бауырымызға баспақ түгілі, жаңа туылған шақалақты дәретханаға қалдырып, қоқыс жәшігіне тастайтын болғанбыз. Ойнап жүріп от басқан жастар, маскүнемдікке салынған әкелер, безбүйрек аналар көбейді.
Міне, соның нәтижесінде елімізде соңғы 20 жылда жетім балар үйінің саны артты. Жақсы. Жетімдер үйі тек біздің елде ғана бар нәрсе емес. Дамыған елдердің өзінде тастанды сәбилер көп-ақ. Бірақ олар мына біздер сияқты шекара асырып, өзгеге ешқашан бала бермейді. Мақтанатын жағдай емес, әрине. Бірақ біздің Қазақстан жер көлемі жағынан да, баланы өзге мемлекетке беру жағынан да әлем бойынша 9 орында тұр екен. Бірақ еліміздегі қазақ азаматтарының 70 проценті бала асырап алудан бас тартады. Оған себеп жоқ емес. Бірақ оның бәрін айтып отыруға да кеш. Себебі 1996 жылдан бастап есептеген күннің өзінде осы күнге дейін еліміз 9 мыңнан аса бүлдіршін шекара асқан. Бұл нақты мәлімет қана. Негізі 1990 жылдың басынан бастап, Қазақстанда бала асырап алу ісі жүре бастаған. Статистикалық мәліметтерге сенсек, қазақ балаларының басым бөлігі Америка құрама штаттарында жүр. Яғни, 750-ден астам бала АҚШ азаматтарының қарауына берілген. Ал қазақ балаларын асырап алу жөнінен екінші орынға Испания мемлекеті жайғасқан. Бұл елді біздің 500-ге жуық қандасымыз мекен етіп жүр. Италия мелекеті де бала асырап алудан қалыс қалған жоқ. Мәдениеті мен руханияты дамыған бұл елде де қазақ балалары тіршілік етіп, италиян тілінде сөйлеп жүр. Соңғы орынға Бельгия карольдігі мен Франция мемлекеті жайғасқан. Бұл елдер өзгелерден бала алғанымен, өзгеге бала бермейді. Себебі мұнда балалар үйі деген атымен жоқ. Тастанды баланың жылап, көшеде қаңғып жүргенін көрмейсіз. Мұнда тек балаларға қамқорлық көрсету орталықтары ғана бар. Ол жақта тек мигранттардың балалары ғана. Ал бұл жақта жүрген қазақтардың тағдыры әртүрлі. Олардың барлығы сәби кезінен тағдырдың тәлкегіне түсіп, балалар үйін мекен еткен. Өзге мемлекеттен бақыт тапқан сәбилердің басым бөлігі «Үміт» балалар үйінен асырап алынған. Арқалық, Талғар, Алматы, Астана, Қостанай, Қызылорда балалар үйінен де асыранды балалар бар.
Бала асырап алу ісі негізі құпия процесске жатады. Мұндай ақпараттар өте жасырын түрде жүргендіктен, ішкі істер министрлігімен, бала асырап алуға арналған комитеттер нақты ақпаратты жасырын түрде жүргізеді. Және баланың асырап алынғандығы жөніндегі мәлімет те құпия сақталып, заңды түрде бекітіледі. Бала асырап алғысы келген жерлестерімізге шет елдік азаматтарға қарағанда жеңілірек. Себебі, жетім балаларды мемлекет ең әуелі өз азаматтарымызға береді. Бірақ қазақ азаматтарының басым бөлігі баланы зат секілді таңдайды. Мәселен, олар дені сау, қаны қазақ баланы асырап алуға құлықты. Сондай-ақ жаңа туылған сәбиді бауырына басқылары келетіндер көп. Сондықтан да болар, елімізде денсаулығында ақауы бар бүлдіршіндер 2-3 жасқа дейін жетімдер үйінде қалып қояды. Қазақ азаматтары асырап алмағаннан кейін, мұндай балаларды шет елдік азаматтарға береді. Ал өзге елдің азаматтарына көп жағдайда жаңа туылған сәбилер беріле бермейді. Мұндай азаматтар 1-жастан бастап 3,6 жасқа дейінгі бала асырап ала алады.
Шет елде жүрген қазақ балаларының жай-күйін, тұрмыс-тіршілігін сол елдегі консулдық елшілік жіті қадағалап отыруға, әрбір бала жөніндегі ақпаратты жыл сайын беріп отыруға міндетті. Сондай-ақ бала асырап алу жөніндегі агенттіктер де балалардың ісін бақылап отыруы тиіс. Ресми мәліметтерге сенсек, Бельгияда тұңғыш асырап алынған баланың жасы қазір 27-де. Ең кішісі 7 жаста. Асыранды балалардың ішінде қоян жырық диагнозымен ауырған балалар, сондай-ақ ДЦП- дертіне шалдыққандар да жетерлік. Бірақ бұл шетелдіктер үшін мәселе емес. Себебі, технологияның дамуына байланысты мұндай мемлекеттерде дертті емдеу оңай. Ал күрделі отаға мемлекет көмектеседі. Сол үшін де болар, шет елдік азаматтар баланы түр-түсіне қарап таңдамайды. Ең бастысы – ақыл есі түзу болғаны маңызды. Сонымен қатар, олар өз балаларына оларды асырап алғандығын әу бастан ашып, айтады. Керек болса, туған ата-аналарын табуға көмектеседі. Өз ата-аналарын тауып, олармен қауышқан қазақ балалары жетерлік. Бұл туралы толық деректерді «Жібек жолы» арнасындағы «шет елдегі қазақ балалары» жобасынан көре аласыздар. Бәлкім, сонда ғана сәби сүюге зар болып жүргендер бала асырап алуға ниетті болатын шығар. Сонда ғана өз балаларымызды өз қазағымыз асырап алып, елімізде жетімдер үйі жабылатын шығар... Біздікі сәбилер жыламасын, жетімдер үйі болмасын деген үміт қана...
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз өмірінде жетімдерге көп қарайласып, барынша қамқор болған. Жетім балаларға әке орнына әке бола білген. Жетімге қарайласудың қаншалықты сауап іс екендігін мына бір хадисініде айтып өтеді: «Кімде кім бір мұсылман жетімнің қамқорлығын өз мойнына алса, кешірілмейтін бір күнә жасамағанша, Алла оны жәннатқа кіргізеді» (Тирмизи риуаяты). Олай болса, жетімін жылатпаған, жесіріне қамқор болған иманды бабалардың ұрпағы ретінде бізде жетімге қарайласуды мұсылмандық міндетіміз ретінде қарайық!
Сымбат Сұлтан