Қызылордада бала асырап алушыларға қолдау орталығы жұмыс істей бастады
ҚазАқпарат - Қызылордада соңғы екі жылда бала асырап алуға ниет білдірген азаматтар саны азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР «Эйр Астана» қысқы кестеге көшті Астана афишасы: Апта ішінде қайда баруға болады Павлодар облысында семіз қошқарды 61 рет көтерген жігіт жеңімпаз атанды Биылғы жылдың басынан бері жергілікті отбасылар 2 баланы бауырына басқан. Ол 2016-2017 жылдармен салыстырғанда біршама төмен болып отыр. «Бас тарту арызы мен тастанды балалар туралы мәлімет 3 күн ішінде республикалық деректер қорына жүктеліп отырады. Қазіргі таңда сәбилер үйінде 50 бала тәрбиеленеді. Бұл үй негізінде 60 балаға арналған. Сондай-ақ, 1 бала патронаттық тәрбиеге берілсе, 1 бала интернат үйіне орналастырылды», - деді Қызылорда қалалық АХАТ бөлімінің бас маманы Әсия Жортбасова. Қазіргі таңда Қызылордада осы бағытта «Жанұя» атты бала асырап алуға қолдау көрсету орталығы жұмыс жасай бастады. Орталық екі жылдан бері көптеген түйткілді мәселелерді шешуге атсалысты. Орталық мамандары баланы бауырына басуға ниеттенген ата-аналарға қолдау көрсетеді. «Орталықта бала асырап алудың негізгі қағидаттары, педагогикалық-психологиялық және әлеуметтік тұрғыда бейімдеу сабақтары жүргізіледі. Бұл жерде баланың эмоционалдық көңіл-күйі, қарым-қатынасы, ата-анамен үйлесімділігі мен байланысы жан-жақты талқыланып отырады», - деді «Жанұя» бала асырап алуға қолдау көрсету орталығының маманы Зарина Бейсекова. Қазіргі күндері орталық қызметіне 50-ден астам ата-ана жүгінген. Олардың арасынан 20-сы баланы асырап алуға әзірлігін жүргізе бастады.
inform.kz
inform.kz