Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕТІМГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАҒАНДАР САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ

ЖЕТІМГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАҒАНДАР САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ


Елімізде қолданысқа енгізілген жаңа салық кодексі жетім балаларды асырап алған ата-аналарды табыс салығынан босатады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов айтты.
«Жетім балаларды асырап алғандар жылдық табысының мөлшеріне қарай табыс салығынан босатылады», – дейді Руслан Дәленов.
Жалпы жетім балаларды асырап алғандардың табысы жылына 2,1 миллион теңге шегінде болса, олар салықтан төлеуден босатылады.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі өз сөзінде асырап алынған бала 16 жасқа толғанға дейін ата-анасы осы жеңілдікке ие болатынын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа салық кодексінде мүгедек болып қалған ата-ананың біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік қарастырылған.
Руслан Дәленовтың айтуынша, Қазақстанда 76 мыңға жуық азаматқа осы бағыт бойынша жеңілдік беру көзделіп отыр.
ҚазАқпарат 
19 қаңтар 2018 ж. 1 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031