ЖЕТІ АТАСЫН БІЛМЕГЕН ЖЕТЕСІЗ
Дана халқымыз осылай дейді. Шыны керек, қазақ халқы дана халық. Осындай халықтан Қобыланды, Алпамыс, Абай, Шоқан, Ыбырай, Ахмет, Әлихан, Мұстафа, Сәкен, Бейімбет, Мұхтар, Қаныш, Шахмардан, Бекет, Қойлыбай, Оқшы, Жүсіп Мәшһүр, Мөңке, Біржан, Ақан, Күләш, Бибігүл, Роза, Шәмші, Қажымұқандар шыққан. Басқада көптеген ардақты азаматтарымыз бен данышпандарымыз шашетектен.
Қазақтың даналығы сол – өмірдің бар түйіткүлдерін кейінгі ұрпағына мақал-мәтелден, нақыл оймен жеткізіп кеткен. Мысалы, «Қарты бардың – қазынасы бар», «Ас – адамның арқауы», «Жері байдың елі бай», «Отан – қуат, Отбасы – шуақ», «Есің барда елің тап», «Көп қайда болса, Құдай сонда», «Көп түкірсе – көл болар», «Елдестірмек елшіден», «Ел ағасыз болмас, Тон жағасыз болмас», «Халық айтса, қалт айтпайды», «Көпке топырақ шашпа», «Елің – панаң, жерің – панаң», «Елу жылда ел жаңа», «Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне», «Ерлік білектен емес, жүректен», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп», «Ырыс алды – ынтымақ», «Сауда досқа қарамас, бай бауырын танымас», «Өзім білем өрге апармас», «Шын жомарт жоқтығын білдірмес», «Күлме досыңа, келер басыңа», «Ұстаздан шәкірт озар», «Асыл тастан шығар, өнер жастан шығар», «Тазалық – саулық негізі», «Аурудың алдын ал», «Халықтан ұял, Құдайдан қорық», «Тіл – буынсыз, ой – түпсіз», «Сөз асылы – мақал» деп осылайша айтып кете берген.

Қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері де ғасырдан ғасырға ұласып, бізге жетіп отыр. Бірақ кешегі патшалық Ресей бодандықта ұстаған, кеңес заманында қыспақ жасаған жылдары біз ұлттық санамыздан көп нәрсені жоғалттық. Мына интернет әнші емес әншілерімізді шулатып, блогерлерімізді тулатып, не боларымызды білмей қалып жатырмыз. Қарапайым әншілеріміз күліп қалса, жылап қалса, үйленіп қалса, ажырасып, отбасында ұрысып қалса да телеарналардан солардың өмірін насихаттап дал болып жүрміз. Олардың жеңіл өмірдерегінен гөрі жас ғалымдарымыздың, ақын-жазушыларымыздың, кәсіпкерлеріміз бен мемлекеттік қызметкерлеріміздің, ауылдардағы қарапайым еңбек адамдарының өмірін, тыныс-тіршілігін насихаттап, соларды көрсетіп жатса, жастарға үлгі-өнеге болмас па?
Пәлен әнші Дубайда қыдырып жүр, енді біреуі ұл туды, келесісі үш қабатты үй сатып алды дейтін ақпарат халықты қызықтырмайды. Елімізде ұлттық идеология болмай, бай адамдар ойларына келгенін жасап, жұртты алдаусыратып, күлкіге айналып жатқанын күнделікті көріп өзіміз күлкіге қарық болудамыз. Бұл қашанға дейін созылар екен? Беймәлім...
Қазақ бабаларымыз жеті атасын білмеген адамдарды бірауыз сөзбен: «Ей, қаймана қазақ» деген көрінеді. Онысы іштей намыстанғаны шығар. Елдің естіген ұлттық нақышты көпшілік те біле отырсын деген ниетпен ата-бабаларымыздың қазақша атауы, олардың ұрпақтарының қалай аталатындығын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдім. Біле жүріңіздер. Білгенге сөз маржан. Өмірге келген баланың әкесі – әке. Әкенің әкесі – ата. Атаның әкесі – арғы ата. Арғы атаның әкесі – баба. Бабаның әкесі – түп ата. Түп атаның әкесі – тек ата. Тек атаның әкесі – тектін. Тектінің әкесі – теркін. Теркіннің әкесі – тұқиян. Тұқиянның әкесі – түп тұқиян аталады екен.
Ал ұлдың баласы – бала болса, ұлдың ұлы – немере. Немеренің ұлы – шөбере. Шөберенің ұлы – немене. Немененің ұлы – шөпшек. Шөпшектің ұлы – туажат. Туажаттың ұлы – жүрежат. Жүрежаттың ұлы – жекжат. Жекжаттың ұлы – жұрағат. Жұрағаттың ұлы – жамағат. Жамағаттың ұлы – Өркен. Өркеннің ұлы – әулет. Әулеттің ұлы – заузат. Заузаттың ұлы – жаран. Жаранның ұлы – қалыс. Қалыстың ұлы – әлде қалыс саналатын көрінеді.
Сондай-ақ қыздың баласы – жиен. Жиеннің баласы – жиеншар. Жиеншардың баласы – дегеншар. Дегеншардың баласы – көгеншар. Көгеншардың баласы – көбеншар. Көбеншардың баласы – тебеншар. Тебеншардың баласы – қаймана аталатындығын көбіміздің білмейтініміз де рас.
Мен естігенімді жаздым. Қаймана қазақ атанбай, жеті атамызды біліп жүргенге не жетсін?!
Өркен ИСМАИЛ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы