Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сіз білесіз бе?

Сіз білесіз бе?

«Менің атым Қожа» киносы қандай кезеңдерден өтті
1. «Менің атым Қожа» – 1957 жылы жазылып, 1963 кино-картина болып экраннан көрерменге жол тартты.
2. 1967 жылы «Менің атым Қожа» француздың әйгілі Канн фестивалінде «Балаларға арналған ең үздік шетел фильмі» номинациясын жеңіп алады. Бұл – қазақ кино саласындағы тұңғыш жүлде.
3. Фильмнің режиссері Абдолла Қарсақбаев алғаш рет кинотуындыға музыка жазуға опера және театр балетінің дирижері, №12 мектеп-интернатта бірге оқыған досы Нұрғиса Тілендиевті шақырды. Ол фильмнің музыкасын, соның ішінде кейін халық арасына кеңінен тараған «Саржайлау» өлеңін жазды.
4. Фильм Үшқоңыр, Талғар, Түрген және Үлкен Алматы көлінің маңында түсірілген. Көп көріністерінде Қаскелең қаласының Абай атындағы мектебінің оқушылары түскен.
5. Фильмдегі негізгі кейіпкерлер – шамамен бесінші-алтыншы сынып оқушылары. Олардың көбі қосалқы рөлде ойнаған. Бас кейіпкер, оның сыныптастары Жантас пен Жанар, 5 жасар Дәулет, ересектеу Сұлтан ғана – негізгі рөлдерді сомдады.
6. Алғашында режиссерлер Қожаның рөліне лайық адамды Өзбекстан мен Қырғызстанға барып кастинг арқылы іздеген.
7. Фильмге 500-ден астам адам түсуге келген. Басты рөлге алғашында Әлібек Ишенов есімді актер таңдалған. Кейін фильм режиссері Абдулла Қарсақбаевтың қалауымен Нұрлан Санжар бекітілді.
8. Туынды әлемнің 20-ға жуық тіліне аударылды. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аудармашысы Самал Соқпақбаева. Әкесінің туындысын Қазақстан баспалары баспай жатқанда, ол Мәскеуге барып орыс тіліне аудартты. Одан кейін шығарма француз және тағы басқа да 15 тілге тәржімаланды.
9. Фильмдегі эпизодта Сұлтан Қожаға темекі шегуді үйретеді. Ал шын өмірде бәрі керісінше болған. Сұлтанды сомдаған Марат Какенов сол сәттен бастап темекі шегуді әдетке айналдырған. Ал әкесі сол үшін режиссерге қатты ренжіген көрінеді.
10.Эпизодта Қожа бақаны шынымен жұтып қойған. Бұл туралы фильмдегі Сұлтанды сомдаған Марат Какенов «Таңшолпан» бағдарламасында айтып берді.
11. Түсірілім барысында Қожа Сұлтанның мұрнын сындырған.
13. Қазақ және орыс тіліндегі нұсқасы бар фильмде Нұрланның өз дауысы жоқ. Оның айтуынша, сегізінші сыныпқа дейін «р» дыбысына тілі келмегендіктен, орысша нұсқасында оның рөлін мәскеулік актриса Марина Виноградова, ал қазақ тілінде қазақ актрисасы Фарида Шәріпова дыбыстаған.
14. Сұлтанның рөлін ойнаған Марат Какеновтің арманы орындалмады, актер болмады. Армиядан келген соң ол мемлекеттік қауіпсіздік органдарына жұмысқа тұрған.
15. Басты рөлді сомдаған актерлер сол уақытта 90 рубль гонорар алған.
16. Жантас рөлін ойнаған актер Е.Құрмашев белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.
17. Қожа рөлінде ойнаған Нұрлан Санжар атақты футболшы Тимур Сегізбаевтың туған інісі.
18. Бес жасар Дәулетті ойнаған Юсуф Шамузовтың айтуынша, ол киноға кездейсоқ түскен:
«Біздің аулаға бір көлік келді. Сөйтсек, Абдулла Қарсақбаев фильм директорының үйіне келіпті. Ол кезде машина деген таңсық нәрсе болатын. Үсті ашық «Бобик» екен. Біз кіріп алдық. Қарсақбаев шықты да, бізді көріп «Ертең мына баланы түсірілім алаңына алып келіңдер» деп айтқан», – деді.
19. Биыл 1 маусымда Астана қаласындағы Жетісу саябағында «Менің атым Қожаға» ескерткіш орнатылды. Мүсін айна алдында өз-өзін «педсоветке» салып жатқан отырысын бейнелейді. Ескерткіш қоладан, ал тұғыр граниттен жасалған. Биіктігі – 183 см. Композиция авторы – мүсінші Азамат Талапхан, идея авторы – Мұрат Қожамқұлов.
20. Бұл фильм шыққанда «Один дома» түгілі, атақты «Однажды в Америке» фильмі де түсірілген жоқ еді.

Анель Жарылғасын
18 қаңтар 2024 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930