Клубта кино көрсетті
Дамыған елдерде кино саласы мемлекеттік идеологияның жаршысы әрі пайда әкелетін бизнес көзі болып табылады. Ал, кино өнері пайда болған кезден бастап кинотеатр – оны таратушы басты құрал болып келеді. Бүгінгі күні киноны кең экранда кинотеатрда отырып көру мәдениеттіліктің белгісі ретінде қалыптасып, телевизия мен үйдегі бейне құралдарына орнын бермей келеді. Ал, интернет ресурстарына сүйеніп, онлайн түрінде ақылы фильмдер көруге мүмкіндіктің тууы таяу болашақта кино өнімдерін таратудың басты әрі жаңа нысанына айналуы бек мүмкін. Сол себепті өнеркәсіптік революция дәуірінде технологияның әрбір мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуіміз керек. Осы орайда Шиелі ауданына қарасты ауылдық округтердегі мәдениет үйлері мен клубтарда видеопроекторды пайдалана отырып, ауыл тұрғындарына кинотеатр ұйымдастыруды ұсынғалы отырмыз.
Жалпы, дамыған елдер осы кино өнері арқылы миллиондап пайда түсіріп отырғаны мәлім. Әлемдегі мұндай жүйенің алып мекені – Голливуд болып саналады. Ал, әлемдегі ең ірі онлайн кино қорын жасаушы «Netflix»-тің табысы 2010 жылы 2,1 миллиард доллар болса, қазір 4-5 есеге артып кеткен. Қысқасы, әлемнің кино рыногі барған сайын ұлғайып, шекарасыз алып кеңістікке жайылып барады. Бизнес, мәдени құндылық әрі өнер ретінде кино-индустриясының жан-жақты мүмкіндіктерін әлем елдері барынша тиімді пайдаланып жатыр. Біз үшін де бұл бүгінгі күнгі кезек күттірмейтін өзекті проблема. Сондықтан тек ауылдық жерлерде емес, бүкіл қазақстандықтардың кино мәдениетін қалыптастыруымыз керек-ақ. Ал, бүгінгі ұсынысымыз осы мәселенің бір шешімі іспеттес болмақ. Біз бұл ұсынысты бұрын да көтерген болатынбыз. Нәтиже де жоқ емес. Оған Ақмая ауылдық клубында көрсетілген киноны мысалға келтіре аламыз.

Ақмая ауылдық клубының меңгерушісі Мейрамбек Ибрагимов:
Кино бір жағынан көңіл көтерсе, екінші жағынан бизнес ретінде пайда таба отырып, таза өнер туындысы ретінде де дамып жатқан жанды организмге айналған. Сондықтан ауылдық мәдениет үйлерінен кинотеатр ұйымдастыру жайы өте орынды мәселе болмақ. Болашақ цифрлы жүйеге еніп, технологиялық дәуірге қадам басқан ұлт ретінде кино мәдениетін қалыптастыру дамыған елдермен бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады. Мәселен, дамыған елдерде кинотеатр нағыз табыстың көзі деуге болады. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, біз де кинотеатр мәдениетін қалыптастыруға, ауыл тұрғындарының жұмыстан соң демалуына, жастардың көше кезіп жүрмей патриоттық, тарихи кино көруіне сеп болсақ деген ниеттеміз. Ауыл халқының және ауыл жастарының сондай қуанышқа кенелуіне тікелей ықпал жасаған облыстық мәслихат депутаты Д.Жұмбековке және аудан әкімдігіне ауыл жастары мен ауыл тұрғындарының айтар алғысы шексіз. Әрбір сенбі, жексенбі күні ауылдық клубта кино көрсетіліп, халыққа қызмет көрсетілетін болады.
Түйін: Сонау 70-90 жылдар аралығында аудандағы барлық клубтарда кино көрсетілетін. Оған ауыл тұрғындары ағылып барушы еді. Бүгінгі таңда осы үрдісті қайта жандандыруды қолға алса, мәдениет үйлерінің жұмысы жолға қойылып, қаржы мәселесі де шешілетін болады.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ