Лайкқа лайық өмір іздеп...
Қымбат көлік, зәулім үй, бренд киімдер, соңғы үлгідегі смартфон, шетелдегі демалыс, сәнді мейрамхана, мінсіз отбасы, әрдайым күліп жүретін ерлі-зайыптылар… Әлеуметтік желіні ашсаңыз, осындай көріністерге жиі кезігесіз. Бір қарағанда, бәрі әдемі, бәрі керемет, бәрі мінсіз. Смортфонның бетін саусақпен сырғытқанда адамның өмірін түгел көрмейтінімізді білсек те, экранның ар жағындағы ертегідегідей көріністі шынайы өмірдің өлшеміне айналдырып алатынымыз рас.Мұндағы ең қауіптісі «Неге менде жоқ?» деген сұрақ. «Пәленшенің күйеуі әйеліне күнде гүл алып береді екен», «түгеншенің әйелі үнемі сыйлық алады», «олар ай сайын шетелге шығады», «үйі қандай әдемі», «күйеуі қандай қымбат көлік мінеді» деген қызығушылық уақыт өте отбасылық дауға себеп болып жатады. Әсіресе жас отбасылар үшін бұл мәселенің салмағы бөлек.
Әрине, шаңырақтың шайқалуына әлеуметтік желіні жалғыз себеп деп айтуға болмайды. Бірақ сол виртуалды әлем қалыптастыратын салыстыру мәдениеті кей жағдайда осы мәселелерді ушықтыратын қосымша факторға айналатынын жоққа шығара алмаймыз.
Бақыттың бағасы қанша?
Кешкісін жұмыстан шаршап келген әкенің баласымен ойнауы, анасының баласына үй тапсырмасын орындауға көмектесуі, ерлі-зайыптылардың бір-бірін тыңдауы, отбасымен бірге дастархан басында шай ішуі, несиеге алынбаған қарапайым дүниеге шүкіршілік етуі әлеуметтік желіде көп қаралым жинамауы мүмкін. Бірақ отбасының шынайы бақыты дәл осындай қарапайым сәттерден құралатынын білсек те, кейде сырттан іздеп кетеміз.

Өкінішке қарай, әлеуметтік желінің алгоритмдері де көбіне қарапайымдылықтан гөрі назар аудартатын дүниені алға шығарады. Соның салдарынан көзге түсетін, таңғалдыруға құрылған, «уау» эффектісі бар контент көбейеді. Ал адам күн сайын нені көре берсе, бірте-бірте соған үйренеді.
Блогердің жауапкершілігі қай жерде басталады?
Қазақстанда блогерлердің қызметі заңнамалық тұрғыда назардан тыс қалған жоқ. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңда инфлюенсер ұғымы енгізіліп, коммерциялық қызмет пен жарнамаға қатысты белгілі бір міндеттер белгіленген. Соңғы жылдары әлеуметтік желідегі заңсыз жарнама мен құқыққа қайшы контентке байланысты нақты шаралар да қабылданып келеді. Мәселен, уәкілетті органдар заңсыз ойындарды жарнамалаған блогерлерді анықтағанын хабарлады. Бұл – қоғамның блогерді үлкен аудиторияға ықпал ететін тұлға ретінде қарай бастағанын көрсетеді.

Шын мәнінде, жүздеген мың, тіпті миллиондаған адамның назарындағы адам әрбір жарияланымына ойланып қарауы керек. Өйткені біреуге әзіл болып көрінген нәрсе жасөспірім үшін өмірлік бағдар болуы мүмкін.
Шынайылық жоғалмаса екен
Әлеуметтік желіде бақытты өміріңді көрсетуге болмайды деген сөз емес. Әркім өз өмірін қалағанынша көрсетуге құқылы. Мәселе – оның қандай мазмұнда және қандай әсермен ұсынылатынында.
Әлеуметтік желіде бақытты өміріңді көрсетуге болмайды деген сөз емес. Әркім өз өмірін қалағанынша көрсетуге құқылы. Мәселе – оның қандай мазмұнда және қандай әсермен ұсынылатынында.
Байлықты көрсету мен байлықты өмірдің басты құндылығы ретінде насихаттаудың арасы жер мен көктей. Сапалы үйді көрсету бір басқа, «осындай үйің болмаса, сенің өмірің нашар» деген түсінік қалыптастыру бір басқа. Саяхат туралы айту бір бөлек те, күнделікті өмірді менсінбейтін деңгейге жеткізу бір басқа. Сондықтан ел алдында жүрген адамның әр қадамын аңдап басып, әлеуметтің алдындағы салмағын сезінгені жөн.
Бүгінде елімізде блогерлердің әлеуметтік желідегі сән-салтанатты өмір салтын көрсетуіне қатысты шектеу мәселесінің көтерілуі де осы қоғамдық пікірталастың бір көрінісі. Мұндай бастама сөз бостандығы мен жеке өмірмен қатар, контент жасаушылардың қоғамдық жауапкершілігі туралы сұрақтарды да алға шығарады. Бұл жерде ең маңыздысы – шектің қай жерден басталып, қай жерде аяқталатынын нақты ажырату.
Өйткені мәселе адамның бай немесе кедей болғанында емес, қандай құндылықты көпшілікке үлгі етіп көрсетіп отырғанында. Қоғамға қазір шынайы өмірдің қадірін түсіндіретін контент көбірек қажет. Сондықтан экрандағы жылтыр дүниеге қызығып, лайкқа лайық өмір іздеп өз өміріміздің жарығын өшіріп алмайық.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ