Демографияны дамытуға неге үлес қоспасқа?
«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» дейді дана қазақ. Жөн-ақ сөз! Артыңа із қалдырып, ұрпақ сүю, ең әуелі ел болып демографияға үлес қосу – баршамызға парыз. Демек елімізде балалардың көптеп дүниеге келуіне жағдай жасау жалпыұлттық жауапты іске айналып отыр. Яғни халық санын арттыруға күш салмасақ, бүгінгі күні жасалып жатқан елдегі материалдық нығметтеріміз – ертеңгі күні кімнің қолында кетері белгісіз байлық. Ендеше өткен жылы аданда қанша сәби дүние есігін ашты, сараптап көрелік.
«Балалы үй – базар» деп, бар қызығын ұрпағынан көруді ниет ететін қазақ халқы әр сәбидің несібесі өзімен бірге келетініне сенген. Расында да солай өзі. Шаңыраққа енген кішкентай шақалақ әп-сәтте айналасын нұрға бөлеп, қылығымен қуантады. Кіршіксіз күлкісімен пейіліңді тазартады. Қоян жылында Шиелі ауданына 1963 сәби дүние есігін ашқан. Оның 903-і ұл бала, 1060-ы қыз бала. Бала демекші, Төлен Әбдікұлының орайы келіп тұрғанда «Сәби туралы сыр» деген шағын әңгімесін еске түсірейікші...
«Отан отбасынан басталады». Отбасы – өзің, жарың, балаң. Яғни отбасының жауапкершілігі – бүкіл отанға деген жауапкершілік. Бірақ үйленгенде осының бәрін ойлап жатпайсың. Жұрт үйленіп жатқан соң, бір қызбен көңілің жарасып, үйленесің. Ата-ананы қуанттың, өзің мәз болдың. Бір-біріңді қызықтап жүргенде бір күні жеті түнде жарың құлағыңа сыбырлап: «Біз үшеу болатын болдық», – дейді. Сен түсінбей аң-таң боласың. Оған жарың қылтиып өкпелеп, оны әрең жұбатып әрі өзің де не болғанына түсініп, енді беймәлім сол үшіншіні күтіп біраз жүресің. Сүйтсең, ол бір қызылшақа бірдеңе болып шықты. Өзі жылауық. Не емшекке тоймайды. Тәжірибесі жоқ келіншегің баланың қыбын таба алмай қосыла жылап, шақшадай басыңды шарадай қылады. Нәрестеге ат қоюдың өзі бір жұмыс екен. Бүкіл жолдас-жораларыңды шақырып, шілдеханасын өткізіп, ат қоюға келгенде ешкім мәмілеге келмей, әркім өзі ғана қойғысы келіп, аяғы үлкен дауға айналып, таң ата әлгілерден құтылғаныңа қуанасың. Үш-төрт ай бойына аты жоқ баланы саусағыңмен көрсетіп жүріп, ақыры Жамбыл қаласында тұратын қайын атаңа жіберіп, балаңа атты әрең қойдырып аласың» деп басталатын әңгіме кішкентай сәбидің әр кезеңдегі қызығы мен қылығын суреттеуге ұласады. «Өстіп жүргенде ауылдағы әкеңнен хат аласың: «Жазға қарай баланы бірге толысымен өзімізге әкеп тастаңдар. Керек болса, тағы тауып аларсыңдар», – деп жазыпты... Және хаттың аяғын: «Күндеріңді көре алмай жүріп, бала баққан нелеріңді алған»,– деп аяқтайды.
Ал керек болса. Әкең айтқанынан қайтпайтын қырсық адам. Амал жоқ, өзіңе бұйырмайтын баланы бағып-қағып, жаздың аяғында кемпір-шалға апарып тастайсың. Содан кейін сағынышты күндер басталады. Болбырайған кішкене сәбиің күндіз ойыңнан, түнде түсіңнен кетпейді. Әйелің екеуің баланың бүкіл қылығын бір-біріңе кезек-кезек айтып, мәз боласыңдар. Ауылға барып, балаңның түрін бір көруден артық бұл дүниеде үлкен арман жоқ секілді. Бес айдан кейін шыдай алмай, балаңды көру үшін елге барасың. Барсаң, балаң сені ұмытып қалған, айнала қашып, жоламайды. Апарған ойыншықтарың мен жеміс-жидектеріңді көрсетіп, пара бергендей болып, әрең дегенде бетінен бір сүйесің. Саған жоламаған сайын, әкең мен шешең мәз болып: «Керегі жоқ олардың. Атасы мен әжесінің баласы қайтеді оларды?» деп онсыз да оңып тұрмаған жағдайыңды одан сайын қиындатады. Ақыры, «қой, басқа бір бала тауып алып, жарылқанбасақ, мынадан қайыр жоқ екен» деп күдеріңді үзгендей боласың. Сол ойыңның жемісі ме, әлде тілегің құдайдың құлағына жетті ме, әйтеуір дүниеге екінші бала келеді. Одан үшінші бала… Өстіп алғашқы сағыныш уыты біршама қайтқандай болады. Тағы да таусылмайтын қызық, таусылмайтын қылық. Дүниеге келген әр сәби отбасы үшін бір-бір тарих» деп қорытындылайды.
Бұл әңгімені біз бекерге еске алмадық. Аудандағы сәби санын саралағандағы ойымыз да осы болатын. Шаңырағында қазыналы қарттары бар, қазақылықтың иісі кетпеген ауылдық жерлерде бала саны көп болуы заңдылық. Бүгінгі күні «Жөргекпұлға жарытпады», «Айлығым мардымсыз» немесе «Көп бала туғаннан дене бітімім бұзылады» деген түрлі болымсыз сылтау болашағымызды байлауда. Қаладағылар «қарайтын адам жоқ», «үйіміз тар» деп бұлтарады. Ал ауылдағылар кең даланың төсіне салып, тұлымды ұл, бұрымды қыз өсіруіне не кедергі? Үкімет те көп балалы отбасыны қараусыз қалдырмасы анық. Сондықтан бұрыннан салт-дәстүрімізге сіңіп, санамызда сақталғанындай тұңғышын әжесінің, екіншісін атасының бауырына салып, ата-ана әлгі әңгімеде айтылғандай өзіміз үшін де сәби сүюге ниеттеніп, демографияға неге үлес қоспасқа?