Бала шақтан – болашаққа
Кәсіпкерлік еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Оны неміс экономисі, Гарвард университетінің профессоры Иозиф Шумпетердің «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу» деген сөзімен қуаттай түссек болады. Яғни, өз еңбегін ұйымдастыра білген адам кәсібін дөңгеленте алады. Демек, кәсіпкер еңбегін өнертапқышқа баласақ, бұл талаптарға жауап бере алатын лайықты әлеуметтік топтың жастар екені де даусыз.
Қазақстан тұрғындарының төрттен бірі жастар санатына жатқызылады. Демек, олардың арасында кәсіпкерлікті дамыту – стратегиялық міндет болып саналады. Жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру оларды үнемі ақпараттандырумен де байланысты. Сол себепті жастар арасында кәсіпкерлікті кеңінен насихаттау керек.
Қазақстан тұрғындарының төрттен бірі жастар санатына жатқызылады. Демек, олардың арасында кәсіпкерлікті дамыту – стратегиялық міндет болып саналады. Жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру оларды үнемі ақпараттандырумен де байланысты. Сол себепті жастар арасында кәсіпкерлікті кеңінен насихаттау керек.
Осы орайда, мектеп оқушыларына мамандықты дұрыс таңдау маңызды екендігін түсіндіру әрі оларды жастай кәсіпке баулу мақсатында аудан орталығында орналасқан 4 мектептің 300-ден астам оқушысымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Бекзатхан Бауыржанұлы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Патима Маханбет, «GRAND Damdi» тамақтану орталықтар желісінің директоры Дінмұхамед Дауренбеков, «Ocean city» бассейн, қонақ үй комплексінің директоры Бекболат Кожаков, т.б танымал кәсіпкерлер қатысып, түлектерге бизнесті бастау мен оны дамытудағы тың идеяларымен бөлісті.
Аталған кездесудің жалғасы ретінде, кәсіпке қызықтыру және бизнестің ішкі сырымен таныстыру мақсатында 50 оқушыға әртүрлі саладағы кәсіпорындарға экскурсия жасалды. Ол жерде әр оқушы кәсіп бастаудың құпияларын біліп, толғандырған сұрағына шынайы жауап алды.
Бұған қоса қазіргі таңда оқушылар мектептерде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні арқылы теориялық білім алуда. Аталған пәннің жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытудың сарапталған келелі мәселелерін шешуге, қойылған міндеттерді шынайы орындауға, олардың бойында кәсіпкерлік сана мен нақты еңбек ету ынтасын қалыптастыруға бағытталғанын көруге болады. «Жас шыбықты қалай исең, солай өседі» деген қазақы тәмсілге салсақ, бала кезенін оларды болашақ кәсібіне бейімдеудің еш әбестігі жоқ.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ