Қызылша ауруынан сақтанайық!

Емі
Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.
Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.
Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол (аспирин) беру қажет.
Егер құлағыауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.
Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.
Егер баланың іші өтсе, регидрационды су беріңіз.
Алдын алу
Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Әсіресе, тамаққа жарымаудан болатын аурумен ауыратын немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. Бала 1 жасқа толғанда одан 6 жасында қызылшаға қарсы егілу керек.
Жалпы мамандар ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеу мақсатында халықты аурудан сақтану үшін екпе алуға шақырады. Естеріңізге сала кетейік екпені балалар 1 жастан бастап, ал бұрын қызылшамен ауырмаған, қызылшаға қарсы егілмеген немесе бір рет егілген ересектер 30 жасқа дейін қабылдай алады.
Н.Оспанов
Шиелі аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау басқармасы бас маманы