Маман жетіспейді, жұмыссыз көп
Диплом бар, жұмыс жоқ. Маман жетіспейді, жұмыссыз көп. Бұл қандай теңсіздік? Қоғамға қажетсіз мамандықты меңгере бергеннен не ұтамыз? «Жалпыға арналған тегін кәсіптік білім беру» бағдарламасы да бұл мәселенің шешімін таба қоймаған секілді. Себебі сол, бізге әлі де жұмысшы мамандықтары көптеп жетіспейді.
Кім боламын десеңіз...
Кез келген оқушы өзінің қарым-қабілетін, қырын біле бермейді. Бұған мұғалім мен мектеп психологінің көмегі керек. Неліктен? Сабақ барысында мамандыққа бейімдейтін мәтіндер, кескіндемелер кездеседі. Осы тұста мұғалімнің оқушыға мамандықтар туралы кеңірек айтып, сабақты ойын түрінде өткізгені тиімді әсер етеді. Сонда баланың қызығушылығы оянады. Ал психолог кімнің қандай артықшылығы, қабілеті барын бес саусақтай біледі. Себебі ол мұны анықтайтын түрлі «фишканы» меңгерген жан. Қандай маман иесі боларын білмей жүрген оқушыларға Joo.kz мынадай кеңес ұсынған екен. Алдымен психотипті анықтайтын тест тапсырыңыз. Ол сізге қай мамандықтың жаныңызға жақын екенін тізіп береді. Екіншіден, психолог маманның көмегіне жүгініңіз. Сізден қарапайым тест ала отырып, мықты жақтарыңызды анықтап береді. Соған сай мамандықтарды айтады. Үшіншіден, әртүрлі маман иелерімен жүздесіңіз. Бір күн жанында жүріп практикадан өтіңіз. Сонда мамандық түрін жақыннан танисыз. Осы тұста оқушы мен ата-анаға «Жаңа кәсіптер атласының» көмегі тиюуі мүмкін. Атласта жаңа, өзгеретін және жойылып бара жатқан мамандықтар сипаттамасы берілген. Осыған сәйкес, 239 жаңа, 95 өзгеретін және жойылып бара жатқан 129 мамандық түрі анықталған. Әрине, назарыңыз бірден жойылып бара жатқан мамандықтар тізіміне ауады. Жыл өткен сайын адам күшін қолданатын мамандықтардың келмеске кетіп бара жатқанын байқаймыз. Себебі жаңа технология, автоматтандыру дегенін істеп, адам күшін ығыстырып жатыр. Болашақта бухгалтер, кітапханашы, даяшы, банкир, курьер және көлік жүргізушісі мамандығы жойылып кетуі мүмкін. Аталған атлас бойынша тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм және құрылыс мамандықтарына зерттеу жүргізілген. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жаңа 18 мамандық пайда болып, 19 мамандық өзгеріп, 10 мамандық түрі жойылады. Жауаптылар 2025 жылға дейін жинаушы-ораушы, жем беруші, жүк тиеуші, таңбалаушы мамандар жойылады деп отыр. Жоғарыдағы 9 сала бойынша да талдау жасалған.

Осы тұста қай мамандыққа қыры барын білмей, таңдауға басы қатып жүргендерге профориентолог көмектеседі. Аты айтып тұрғандай, мұндай мамандар елімізде саусақпен санарлық. Ол оқушымен жеке консультация жүргізіп, сұрақ қойып, қажет болса тест алады. Мәселен, әлеуметтік желіде PhD доктор, профориентолог Жадыра Нұрбайқызы қазір сұранысқа ие мамандықтар алдағы 5-6 жылда маңызын жоймайтынын айтқан. Оның айтуынша, IT мамандар, медицина саласы мамандары, мұғалімдер, архитектор, үй интерьері дизайнері, сату менеджері, SMM маман, инженерлер мен HR мамандарға сұраныс артады. «Сұраныстағы мамандыққа құжат тапсыру мақсат емес. Сұраныстағы мамандыққа емес, сұраныстағы маман болуға талпынайық. Профориентолог ретінде айтарым, оқушылар мынадай қателік жібереді. Олар бірінші бейінді пән таңдайды. Одан кейін ҰБТ тапсырады. Артынша, ЖОО-ға құжат тапсырар тұста бейінді пәнге сәйкес келетін мамандықты белгілейді. Сонда біз ең маңызды процесті кейінге қалдырамыз. Неге мамандық таңдау маңызды? Мамандық адам өмірінің 3/1 бөлігін құрайды. Өйткені уақытымыздың 8 сағатын ұйқыға, қалған 8 сағатын мамандық бойынша жұмыс істеуге арнаймыз. Жалпы, баланы мамандық таңдауға ерте жастан бейімдеу керек. 6-7-сыныпқа көшкенде қандай пәнге қызығатынын, бейімі барын байқау маңызды. Себебі байқасаңыз, арнайы салаға бейімдейтін мектептер баланы 6-сыныптан бастап қабылдайды. Осы жаста таңдау жасау үшін профориентолог оқушыға сұрақ қойып, тест алып, әңгімелеседі. 5 квалификация бойынша баланың бейімін анықтайды. Соған сай мамандық тізімін ұсынып, белгісіз мамандықтық сырын ашады», – дейді ол.
Расында, бүгінгі профориентологтардан бұрын А.Құнанбайұлының өзі «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп айтып кеткен жоқ па? Мұндағы кетігін тап деуі сол қажетті мамандықты білсін дегені болар деп топшыладық, біз...
А.Асанов