Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол
2023 жылдың қазан айында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр диқандарымен кездесуінде, олардың еңбегіне табыс тілей тұрып, «алдымызда тұрған ең басты мәселе – халқымыздың татулығы» деген болатын. Шамасы айналамызда болып жатқан дүние дүрмек Мемлекет басшысын да мазалап жүргендей. Ресей-Украина дүрбелеңі, таяу шығыстағы шиеленістер әлемді алаңдатпай қоймайтын мәселе екені айдан анық. Сондықтан да қазіргі таңда татулық, ынтымақ, бірлік, достық, ауызбіршілік, бірауыздылық сөздерінің мәні ерекше болып тұр.
Татулық – шет елмен, мемлекетаралық қана емес, өз көршіңізбен, ауылдасыңызбен, ағайын-туысыңызбен ақыр соңы отбасыңызбен де болғаны қандай ғажап. Өмірдегідей бірнеше ойлы адамдардың, үлкен кісілердің ортақ шешімге келіп ынтымақтасуы да, бірлік бар жерде, тірлік бар деуде, достық туы желбіресін деуіміз де, бірауызда болайық дейтініміз де сайып келгенде Президент айтпақшы, татулыққа келіп тіреледі. Біздің көксегеніміз де ел арасындағы, ауыл ішіндегі татулық пен тыныштық. Міржақып «Оян, қазақ!» деп айтты тұрмадық, Абайға мойын бұрмадық демекші, бұл айтқандарды оқымай ақылға келе қою қиын-ау, кейбір ақсақалдарымызға. «Су – тау-тасты бұзады, сөз – адамды бұзады» дегендей, жазықсыз адамның соңынан өсек айту, жалған жала жабу, оның қоғам үшін жасап жүрген тірліктеріне қызғаныш білдіру, өзін-өзі мақтап мақала жазып жүр деп жазғыру, сырттай жамандап, балағаттау, бәлеқорлық жасау нені білдіреді? Бұл сол ардагерлердің арасында араздық тудырады. Ауыл-ауыл айтыс-тартысқа алып барады. Қазір не көп? Мемлекеттік емес ұйымдар жетерлік. Ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес, ақсақалдар кеңесі, билер кеңесі тағы басқа. Арада болған әңгіменің ақ-қарасын осы ұйымдар арқылы неге шешпеске?

Төле би бабамыз: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтын арман. Ең қымбаттысы – ар мен ұятты сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, оның ішіндегі ең тәттісі – сыйластық» деген екен. Сондай-ақ мен ардагерлер арасындағы кикілжіңді қолдамаймын. Олардың қарым-қатынасында тек сыйластық болуға тиіс. Біз бұл мәселені аудандық ардагерлер кеңесінің алқасында талқылайтын боламыз. Шешілмейтін түйін жоқ. Осы жерде өзіміздің Қазыбек биіміз не дейді? «Бір бала бар – атадан жете туады. Бір бала бар – атадан өте туады. Бір бала бар – кері кете туады» дейді. Ал Әйтеке би: «Жігіттің жақсысы, дұрыс сөзге тоқтай білген. Басқаны сөзіне тоқтата білген» деген екен.
Менің әкем Әзімхан: «Адамдарды өлгенше тәрбиелеу керек» деп отырушы еді. Сондай-ақ бір-бірімен дауласып жүрген қарияларға не айтуға болады? Онсыз да бір қария ауылындағы Құдайы аста отырып: «Бір табаққа жетер-жетпес шал қалдық» деп өкінген екен. Осындай өкініш болмау үшін адамдар араздықта болмай, тату-тәтті болғандары абзал. «Ағаштан жеміс күтсең, көңілін қалдырма» дейді дана халқымыз. Көп адам бұл дүниенің уақытша екенін ұмытып кетіп жатады. «Эх, дүние-дүние... Уақытша болғаның үшін Әлһамдулиллә» деген екен бір молда көкеміз. Шындыққа мойынсыну да ақылдылық. Ақ шелектей төңкерілген аспандағы ай да қартайды, менде қартайдым деп қария жасының ұлғайғанын аспанға қарап тұрып мойындапты.
Өз қателігін мойындау да ерлік іспеттес нәрсе. Аты-түстерін түстемей-ақ қояйын. Ауданның айнасы болған бас басылым «Өскен өңір» газетіне жазылса оқып, өздерін-өздері түсіне жатар. Сөзімді кейуана анамыздың бірқақпайымен аяқтағым келеді. Бір кемпір: «Мен өлгенде қанша адам жылап, қаншасы қуанар екен?» деп қайғырыпты. Бәріміздің ойымызда осы сұрақ жүрген секілді. Жасы ұлғайған кісі тыныш жүргені жөн. Жастарымыз, ұл-қыздарымыз, ұрпақтарымыз жасай берсін. Үлкендеріміз ауданның, оны басқарып отырған әкімдердің тілеуін тілеп отырайық. Қазақ халқының 20 миллионға жеткені баршаңызға құтты болсын! Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын. Оған апарар жол – Мемлекет басшысы айтқандай, татулық болса керек.
Өркен Исмаил,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы