100 граммда тұрған не бар?
Қазір той болса да, бас қосылар жиын болса да «100 грамм алып қояйық» деген сөзді жиі естиміз. Қарсылық танытқандар болса, «менің қолымды қайтармайтын шығарсың, 100 граммда тұрған не бар, көтер тезірек» деп жатады. Ал алып қояйықтың соңы ұрпақты тоздыру, шаңырақты шайқалту сынды жағдайларға жол ашады.
Қазақта «Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, баласын апиынға үйрет» деген бір сөз бар. Ашынғаннан шыққан бұл сөздің астарында қоғамның тыныштығын бұзу үшін жастарды жолдан тайдырса жетіп жатыр. Иә, қасиетімізді қашырмаған, басымыздан ғайбат сөз асырмаған халықпыз. «Итің жаман» деген сөздің өзін көңілге алатын халықтың ұрпағы «балаң ішіпті, шегіпті» дегенді естігісі келмейтіні де белгілі. Тәрбиенің бастауы тал бесік десек, сол бесікті тербейтін жандардың өзі тербетіліп жүргенін көргенде қынжыласың, қарның ашады. Қазіргі уақытта қай мейрамхана, тойханаларда нәзік жанды арулардың алкогольдік сусынға масайып, тербетіліп жүргенін жиі көруге болады. Оның ішінде жастары да, бастары да бар. Олардың көбі әлі тұрмыс құрмаған. Ал бір үйдің түтінін түтетіп отыратын жандар қатары бұл күнде кафе ішіндегі түтінді түтетіп отыр. Бұдан асқан сорақылық жоқ шығар бұл қоғамда.
Қазақта «Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, баласын апиынға үйрет» деген бір сөз бар. Ашынғаннан шыққан бұл сөздің астарында қоғамның тыныштығын бұзу үшін жастарды жолдан тайдырса жетіп жатыр. Иә, қасиетімізді қашырмаған, басымыздан ғайбат сөз асырмаған халықпыз. «Итің жаман» деген сөздің өзін көңілге алатын халықтың ұрпағы «балаң ішіпті, шегіпті» дегенді естігісі келмейтіні де белгілі. Тәрбиенің бастауы тал бесік десек, сол бесікті тербейтін жандардың өзі тербетіліп жүргенін көргенде қынжыласың, қарның ашады. Қазіргі уақытта қай мейрамхана, тойханаларда нәзік жанды арулардың алкогольдік сусынға масайып, тербетіліп жүргенін жиі көруге болады. Оның ішінде жастары да, бастары да бар. Олардың көбі әлі тұрмыс құрмаған. Ал бір үйдің түтінін түтетіп отыратын жандар қатары бұл күнде кафе ішіндегі түтінді түтетіп отыр. Бұдан асқан сорақылық жоқ шығар бұл қоғамда.
Жалпы соңғы дерек бойынша елімізде ерлер арасындағы ішімдікке тәуелділік бойынша Қазақстан 11-орынға шығыпты. Ал әйелдер арасында жалпы 182 елдің ішінде 19-орында тұр. Осылайша қазақстандық ерлердің ішімдікке деген тәуелділігі 9,52 пайызды құраса, әйелдер 1,48 құрап отыр. Әлемдік рейтинг бойынша, Ресей, Венгрия және Литва азаматтары ішімдік ішуден көш бастаса, әйелдер арасында Аустралия, Ресей және Колумбия алдыңғы орынға жайғасқан. Өзімізге көршілес жатқан Өзбекстан, Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Түркменістан елдері ішімдік ішуден төменгі орында тұр. Енді еліміздегі алкоголь өнімдерін өндіруге келер болсақ, 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, Қазақстанда арақ өндірісі бір жылда – 60,3 пайызға артса, коньяк өндірісі – 6,3%-ға артқан. Ал, шарап – 3,5%-ға, сыра – 2,5%-ға төмендеген. Елімізде ішімдік өндірісі артып, қоғамда алкогольдық ащщы суға тәуелді жандардың саны артып келе жатыр деуге толық негіз бар.
– Мен үлкен шаһарлы қаланың бірінде студентпін. Сабақ уақытынан тыс даяшы болып қызмет атқарамын. Түнгі клубтар мен барларда да жұмыс істедім. Ауылдан келген бала болған соң, мұндағы нәзік жанды аруларды көріп, жағамды ұстадым. Ерлерге қарағанда қыздар спирттік өнімдерге жақын. Оны тапсырыс берген кезде байқауға болады. Нәп-нәзік сұлу бойжеткендер масайған кезде «ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында» кетіп жатыр. Бұл да қоғамды дендеп бара жатқан бір дертке ұқсайды, – дейді Сұңғат Бекмұратұлы.
Қазіргі уақытта қай әлеуметтік желіні ашып қарасаңыз жанарды жаулаған букмекерлік кеңселердің жарнамасынан көз сүрінеді. Мысалы, «YouTube» желісінен көңілің қалаған видеоны көрейін десең, қызылды-жасылды жарнамасы жарқыраған, сан түрлі казино мен букмекерлік ұйымдар көз алдыңа менмұндалап шыға келеді. Одан қалды ішімдік жайлы бейнежазбалар қатары да қаптаған. Жастарға әлеуметтік желіден төніп тұрған қауіпке көп жандар назар аудара бермейді. Бүгінде тәк-тәк пен емес, «тик-токпен» тәрбиеленген жастар сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырлар кімді болсын алаңдатпай қоймасы анық. Бұл мәселеге жастарды кінәлай берудің де қажеті жоқ. Әсте ішімдікке сылқия тойып сайқымазаққа айналып жатқан ақ сақалдыларды да көзіміз көріп жүргені рас. Бұл кісілердің ақылы сыра ішіп отырып, «салқын су тамағыңды ауыртады» дегенмен бірдей. Қаймақтарымыз қаңбақтай қалғып жүрсе, қалғанынан қандай үміт күтуге болады. Жағамыз бұзылмаса, тынысымыз тарылмайтыны да белгілі. Бет түзеген алдыңғы арбамыз адаспаса екен дейміз.
Иә, арбаны айтып, өзімізді алдамай тұра тұрайық. Арақ-шараптан бөлек қоғамның күн тәртібінен түспей тұрған тағы бір мәселе бар. Ол сананы улаған – есірткі. Қазір қоғамда есірткіге есі кеткен жандар көп. Оны тартып жүрген адамдарды күнделікті көріп жүрген шығармыз, бәлкім. Онысы бір Аллаға аян. Кеше жаңалықтар легін қарап отырып есірткі тасып ұсталған адамдардың саны көбейген деген деректі естідім. Бұл істі кәсіпке балаған жандар да көп екен. Бұл туралы министрлік өкілдері қандай шара қолданбақ. Министрлік өкілдерінің айтуынша, елімізде нашақорлықпен күресу үшін азаматтарды есірткі тәуелділігіне тексеру ұсынылмақ. Бүгінде есірткі қолдану фактілері тіпті оқушылар арасында анықталып жатыр. Сондықтан болашақта скрининг өткізу жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл – қоғамның нашақорлық деңгейін объективті түрде бағалауға және есірткіге тәуелді адамды, әсіресе жасөспірімдер арасында ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді. Біз «профосмотр» кезінде биоматериал скринингін өткізуді ұсынып отырмыз. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы, бірақ біз оны қолдаймыз. Жоғары оқу орындарына, мемлекеттік қызметке қабылданғанда, әскерге шақырғанда, жүргізуші куәлігін алғанда биоматериалдар зерттеледі, – деп мәлімдеді.
Мұнысы дұрыс-ақ. Бүгінде үлкен мегаполисттік қалаларда синтетикалық есірткі кең таралған және қолжетімді. Бір дозасы 10 мың теңге тұрады. Интернетпен де жеткізіп беретіндер көп. Бұл мәселе елдің жайын ушықтырмай тұрғанда, ел болып, жұрт болып күресу қажет-ақ. Біз сүріп өткен өмірдің жайын өз сөзіммен емес, Абайдың сөзімен аяқтауды жөн санаймын. Өйткені Абайды таныған адам, өмірді де тани алады.
Сөз соңы. Данышпан Абай «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» деген екен.
Дархан Байтілес