Мені еркелетші...
Жігіттер, қыздарды жиі еркелетіп тұрыңыздар! Нәзік жанды арулар жылы сөзге қашан да зәру. Тек жүректен шыққан сөзді көңілден шыққан пейілмен астастыра білу керек. Қыздарға жағатын еркелету сөздерi: "Жаным менің!" "Жаным" дей ме? "Сені жанымнан артық көремін" дей ме? Егер осы шындыққа сыятын болса, қалпақты аспанға атып қуануға болатын шығар. Әй, ол тек жай сөз ғана ғой. Сонда да бұл сөзді ауызға жүрек пен таза пейіл салып отырған болар, бәлкім. Ғашықтардың аузында ғана емес, басқаның да сөзіне арқау болатын бұл сөздің қадірі кетіп қалғанын айтып жатамыз. Басқаға әңгіме арасында айтып отырсақ та, кейде соны сүйгенімізге айту бір мұң ғой. Мұндайда бұл сөздің әлі де сыйы барын ұғасың. "Жалғызым" мен "Аяулым"сөздеріне елжіремеу мүмкін емес шығар, сірә... "Қымбаттым", "Ардақтым" сөздерімен сүйіктісін еркелеткен жігіт оның жүрегін жаулаудың дәл алдында тұр. Аспан денелеріне теңеу. Біреудің кейде "Күні" боламыз, кейде "Айы" боламыз. Кейде аузынан "Жұлдызым" деген сөзі шыға қалса, өзімізге-өзіміз сыймай кетеміз. Сүйкімді жануарларға теңеу. "Ботам сол!", "Қоңыр қозым!", "Еліктей еркем", "Аққуым", "Көгершінім", "Балапаным менің". Қыздарға теңемеген сүйкімді жануар бар ма екен басқа? Бағалы тастармен атау. "Гауһарым" мен "Алтыным" сөздерінің де басқа еркелету сөздерінен еш кемшілігі жоқ. "Ханшайымым" деген сөз де аруыңыздың төбесін көкке жеткізеді. Ал сіз сүйгеніңізді қалай еркелетесіз? Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Massaget.kz
Massaget.kz