Сүйіктіңді еркелету
Сүйікті жанды жиі-жиі еркелетіп тұру керек. Тек шеңберден шықпай, орынды түрде еркелете білсеңіз болғаны. Бұл сөзімізді психологтар да қоштайды. Жігітіңізді еркелеткенде, мына ережелерге мән бергеніңіз жөн: - Анасына айналмаңыз. Ананың орны бір бөлек, сүйікті адамның орны бір бөлек. Жігітіңізге жақын болған сайын, оның жанашыры атанатыныңыз сөзсіз. Десе де шектен тыс қамқорлық кейбір жігіттердің теріс пікірін қалыптастырады. Ал кейбір жігіттер оған үйреніп кетеді. Атпалдай азаматты денелі сәбиге айналдырудың қажеті жоқ. - Сізді де еркелетіп тұратындай жағдай жасаңыз. Көбіне жігіттер қауымы пікірін іште сақтап, жылы сөзге сараң келеді. Әсіресе қазақ жігіттерінен еркелету сөзін сұрап алғандай боласыз. Бұл мәселені қыз бен жігіттің бір-біріне тек өздері ғана түсінетін ат қоюымен шешуге болады. Екеуі оңаша қалғанда бір-бірін сол сөзбен еркелетсе, жөн болмақ. - Кез келген жетістігіне қошемет айтып, еркелетіп тұрыңыз. Достарының алдында беделін көтеріп, оған сыйластықпен қараңыз. Оның шағын, түкке тұрмайтын жетістігінің өзіне үлкен мән берудің маңызы зор. Сүйікті жігітіңді еркелету сөздері: Жүрегім, тірегім, серігім, егізім, сүйеуім, балапаным, сап-сарым, тәттім, кәмпитім, батырым, тынысым, ауам, күнім, жалғызым, болашағым, ерім, болашақ балаларымның әкесі, байлығым, бөлшегім, өмірім, айбатым, патшам, жаным, т.б. Осы жазбаны оқып отырған жігіттерге де пайдасы тиер деген ниетпен қыздарды еркелету сөздерін де жаза кетейік: Қара қызым-дара қызым, болашақ жан жарым, болашақ балаларымның анасы, ботақаным, қошақаным, томпағым, жан-жүрек, сағынышым, ботам, ханшам, кішкентайым, аяулым, сары қызым-дәрі қызым, жалғызым, жапырағым, жаным, т.б. Тізімді қалай жалғар едіңіз? Оқи отырыңыз: Мені еркелетші... Қыздың "қауіпті" сөздері Жаным, сен менің анам сияқтысың! Сурет: vk.com
Massaget.kz
Massaget.kz