МЕЙІРІМГЕ МҰҚТАЖ АЯУЛЫ ЖАН
Бірде мақала жазып отырғанымызда, редакциямызға шұғыл қоңырау түсті. Тұтқаны көтеріп едік, мейірімге мұқтаж ананың үні естілді. Мән-жайды сұрап білгеннен кейін, дереу қолыма қойын дәптерді алып орталыққа қарай бет алдым.
Алдымнан өмірдің соқпақ жолын тартып, сынаққа толы тағдыр кешсе де мойымаған, бар ерік-жігерін бойға жиған мейірімді, жүзі жылы апа шығып, ыстық ықыласпен күлімдей қарсы алды. Төрден орын ұсынып, әңгімесін айта жөнелді. Кейіпкеріміз Бейбіт Абдрахманқызының қазіргі жағдайы мүшкіл күйде. Негізгі мәселесі үйінде ауыз судың болмауы, жылудың жоқтығы болып отыр. 75 жастағы жалғызбасты ананың суды алыс жақтан таситыны көңіл қынжылтады.

Ата-бабамыз қысқа жіп күрмеуге келмейтін қиын шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты ту еткен. Қазақта халқы жақынын жылатпай, туған-туысына үнемі жәрдем беріп, көмек қолын ұсына білген. Егер туысы қиын-қыстау жағдайға тап болып, оны біле тұра жәрдем бермесе, ел алдына шығуға ұялушы еді. Сондықтан ең алдымен жалғызбасты Бейбіт апаның туыстарын іздестіруді жөн көрдік.
Келесі күні мәселенің екінші күнінде Бейбіт анамен аудан әкімшілігіне бағытталдық. Содан аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергеновтің жеке қабылдауына барып, жағдайдың барлығын түсіндірдік. Жалпы мәселе айтылып болғаннан кейін, сала мамандарымен апаның үйіне дереу жол тарттық. Осылайша, Бұқар жырау көшесінің іргесінде орналасқан баспанаға кіріп, қандай жағдайда тұрғанына көз жеткіздік.
Ендігі кезекте сала мамандары Бейбіт апаға барынша көмектесетінін айтты. Әрине, айналамызда қамқорлыққа мұқтаж жандар өте көп. Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бар мейірімізбен, қайырымдылықпен осындай жандарға көмектессек құба-кұп болар ма еді?!
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ