Жиделіде жарық желілері жаңаланады
Жиделі – тұрмысы жайлы, тіршілігі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысқан, қазақы қаймағы бұзылмаған құтты мекен. Кеңес кезінде төрт түлігі төсінде өріп, алқабынан алтын дән өнген ауылдың тыныс-тіршілігі көпке үлгі екені сөзсіз. Осы тұста Жиделі ауылдық округінің жай-күйін ауыл әкімі Ерлан Әбілдашовтан сұрап білдік.
– Ауылдың әлеуетін білу үшін, халқының тұрмыс сапасын білу керек-ақ. Осы орайда әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға қандай жәрдем көрсетіледі. Соны айтып өтсеңіз.
– Биылғы жылдың бірінші тоқсанында мемлекет тарапынан 14 отбасы, екінші тоқсанда 8 отбасы, үшінші тоқсанда 5 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп баласы бар 35 отбасына табыстарына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Қоғамдық жұмыспен 17 адам еңбекке тартылып, 7 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайызды құрады. Сондай-ақ 100 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде, 49 оқушы әлеуметтік осал топта 51 оқушы бастауыш сыныпта оқиды. Биыл жалпыға бірдей міндетті оқу қоры қаржысы есебінен 49 оқушыға 40 567 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. «Мектепке жол» атты акция барысында 10 аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына демеушілер арқылы 100000 теңгеге сөмке, оқу құралдары және мектеп формасын алды. Үйден оқытылатын 2 оқушыға 40 000 теңгеден 80 000 теңге ақшалай қаражат, мектеп жанынан ұйымдастырылған «Шырай» шағын орталығында тәрбиеленуші 20 балаға қажетті ойыншықтармен қамтамасыз ету мақсатында 50 000 теңге қаржылай көмек берілді.
– Жиделіарық ауылына келген сайын жарамды жол, абаттандырылып, жасыл желекке көмкерілген айналаны көреміз. Бұл көктемгі, күзгі екі айлықтардың ғана емес, күнделікті әрекеттің нәтижесі болар?
– Алдымен жол сапасына тоқталайық. Ауылда жалпы ұзындығы 6,5 шақырымды құрайтын 9 көше бар. Бұл жолдың 6,1 шақырымына асфальт жабындысы, 0,4 шақырымына қиыршық тас төселген. Бұл ауылымызда жолдардың 93 пайызы асфальттанғандығын көрсетеді. Аудандық маңызы бар «Жиделіарық ауылына кіреберіс» автожолы 2021 жылы күрделі жөндеуден өткендігі белгілі. Жыл көлемінде «Бірге: Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Қызылорда облысының көлемінде жарияланған көркейту-көгалдандыру және тазалық жұмыстарының көктем мен күздегі жоспары аясында тұрақты түрде сенбілік жұмыстары жүргізіліп келеді. Сенбілік барысында ащы су жеткізу арналары мен жолдың бойынан, автобус аялдамаларының айналасынан, мекемелердің ауласынан целлофан, қалбыр, бір мәрте қолданылатын пластик заттар мен шыны бөтелкелер жиналады. Жыл сайын дүниежүзілік тазалық күніне орай Жиделіарық ауылының тұрғындары «World Cleanup day» дүниежүзілік тазалық күні шарасына қатысып, елді мекен аумағын тазартуға атсалысып келеді.

Жиделіарық ауылында экологияға қауіпті шикізат – полиэтилен пакеттерінен арылып, экосөмкелерді тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Полиэтилен пакетінен бірге бас тартайық!» атты акция жыл бойы ұйымдастырылуда. Көктем және күзде «Мекенім – жасыл елім» атты ағаш отырғызу іс-шарасы дәстүрлі түрде өткізіледі. Іс-шара барысында ауыл тұрғындары көгалдандыруға белгіленген орындарға әртүрлі ағаш түптерін отырғызып, елді мекен аумағын жосықсыз тасталған тұрмыстық қалдықтардан тазартумен айналысып, елдің тазалығына өздерінің сүбелі үлесін қосып келеді.
– Қанша трансформатор жаңаланды? 4G Интернет желісі қосылған ба?
– Елді мекенде КТП қуаты 100-160 кВа болатын 2 дана трансформатор, 132 дана электр бағанасы арқылы 6 шақырымнан астам ұзындықта электр қуатын таратады. Биыл электр қуатының сапасын арттыру мақсатында қуаты 250 кВа болатын 1 дана трансформатор жаңадан орнатылды. Өткен жылы 24 дана электр бағанасы жаңадан орнатылғандығын атап өткен жөн. Интернет желісіне келетін болсақ, ауылда әкімдік, мектеп, ФАП сынды мекемелер 2019 жылдан бастап талшықты-оптикалық кең жолақты интернет желісіне қосылған. Елді мекендегі көптеген тұрғын үйлер «Транстелеком» АҚ ұсынған жоғары жылдамдықты интернет желісінің қызметін тұтынып отыр. Интернеттегі жылдамдықты өлшеуге арналған онлайн тексеру қызметі аталған интернет көзінің жылдамдығын 24 Мбит/с деп көрсетті. Биыл ауылды «Беллайн» ұялы байланыс операторы 4G интернет жылдамдығымен қамтамасыз етті.

– Округ бойынша тұрғындардың өтініш-тілегі, арыз бен шағымы жоқ деп айтуға болмас. Бұл мәселе төңірегінде қандай жұмыстар атқарылып келеді.
– Өзіңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелердің шешілу жолдары мен мерзімдерін түсіндіреді. Бұл ретте аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен және жеке өзім халықпен ұдайы кездесулер ұйымдастырып келеміз. Ауыл тұрғындары көбінесе кәсіпкерлік нысандарын ашу, елді мекен инфрақұрылымын және әлеуметтік нысандардың ыңғайлылығын одан әрі дамыту, электр энергиясының сапасын арттыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану сынды мәселелерімен жүгінеді. Аталған бағыттағы мәселелердің кейбірі жан-жақты зерделеуді талап етсе, кейбірі дер кезінде шешімін табады. Соңғы уақытта халықтың сұранысына сәйкес елді-мекенде балаларға арналған ойын алаңы, бұқаралық спортпен жаттығу алаңы, 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Жиделіарық ауылдық клуб үйінің сыйымдылығы 150 орындық жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Елді мекендегі көше жарықшамдары толықтай диодты лампаға ауыстырылды. Ж.Жабаев пен С.Сейфуллин көшелерінің арасын жалғайтын көшеге, Достық, 1 квартал көшелеріне ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізіп келеміз. Жастардың басым көпшілігі жазғы маусымда оқу процесінен демалысқа шығатындығы белгілі. Осы ретте, жыл сайын жастарға «Жасыл ел» бағдарламасымен маусымдық жұмысқа орналасып, көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Биыл 19 азамат «Жасыл ел» бағдарламасына қатысты.
Халықтың кәсіпкерлік саласына қызығушылығы жоғары. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жоба еліміз бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ерекше ықпал еткендігі белгілі. Осы бағдарламаның иігілігін Жиделіарық ауылының тұрғындары да көруде. Солардың бірі – жас кәсіпкер Өтепберген Нұрғисаны айтқым келеді. Жас болса да кәсіпкерлікке ынталы азамат бүгінде «Наубайхана ісі» жобасымен қайтарымсыз грант иеленіп, Жиделіарық және оған көршілес елді мекендерді жергілікті өніммен қамтамасыз етіп келеді. Тұрғындардың мәселелерін оңтайлы шешу әрқашан басты назарда болады.
– Биыл ауылға көгілдір отынның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазір қанша адам көгілдір отынның игілігін көруге дайын?
– Ауыл тұрғындарының бұған дейін айтып жүрген ең өзекті мәселесі – елді мекенге көгілдір отын тарту болатын. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобасымен Жиделіарықта газ құбырының құрылысы жүргізілді. Мердігер мекеме «Гүлнұр МК» ЖШС ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып, орамішілік газ тарату желілерінің құрылысын тиімді аяқтады.Табиғи газбен 160-қа жуық үй қамтамасыз етіліп, мыңнан астам тұрғын көптен күткен қуанышқа кенеліп, от жағып, күл шығару бейнетінен құтылатын болады.

– Ауылдық жердегі ағайын төрт түлік мал ұстайды. Қазір ауылда мал саны бойынша өсім бар ма?
– Жиделіарық ауылының тұрғындары негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Жоғарыда атап өткен кәсіпкерлік мақсаттағы қайтарымсыз гранттардың және несиелердің басым көпшілігі «Мал бордақылау», «Мал басын көбейту» атты жобаларды қаржыландырды. Әлбетте, мұндай жобалар мал санының тұрақты өсіміне әкеледі. Айталық, ағымдағы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша елді мекен жайылымдарында 1849 мүйізді ірі қара, 1715 уақ мал, 562 жылқы бар. Бұл бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

– Жиделіарық ауылы арақсыз ауыл ретінде ауданға емес, республикаға танымал десек те болады. Осы бағытта әрдайым жұмыс жүргізіле ме?
– Алкоголизммен күрес мемлекеттік, білім беру, медициналық, қоғамдық ұйымдарды және азаматтардың өздерін қоса алғанда әртүрлі құрылымдардың бірлескен кешенді іс-шарасын талап етеді. Ауылымыздың дүкендерінде алкоголь өнімдері сатылмайтыны рас. Дегенмен «Ешкім масаң күйде жүрмейді» десек, бұл қоғамды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыратын шығармашылық ұран ғана болар еді. Мысалы, биыл көлік құралын масаң күйде басқару дерегімен жүргізушілерге әкімшілік шара қолданылды. Осындай зиянды әдеттерден қоғамды қорғау тек қана құқықтық шаралар қабылдаумен шектелмейді. Біз ағартушылық сипаттағы іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға ерекше мән беріп отырмыз. Бұл ретте, ауылдық ардагерлер кеңесінің атқаратын рөлі ерекше. Абыз ақсақалдардың сөзіне тоқтаған халықпыз. Ардагерлердің араққа қарсы насихаты оң нәтиже көрсетуде. Алдағы уақытта да арақ-шараппен күрес үздіксіз жүргізілетін болады.

– Соңғы жылдары су тапшылығы өзекті мәселеге айналды. Осы ретте, ауылдағы шаруашылық қиындықты қалай еңсеруде.
– Ең алдымен ауылішілік аяқ су жолдарының су өткізу мүмкіндігін арттыру бағытындағы жұмыстар маңызды екендігі белгілі. Себебі ауыл тұрғындары аулаларында әртүрлі бақша дақылдарын егеді. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының және «РУ-6» ЖШС-ның қолдауының нәтижесінде елді-мекен аумағындағы аяқ су жолдары арнайы техникамен тереңдетіліп қазылды. Сонымен қатар егін егу бағытындағы шаруа қожалықтар егіс түрлерін әртараптандыру ісін қолға алған. Мәселен, суды көп мөлшерде қажет ететін дақылдардың орнына жоңышқа, мақсары сынды дақылдар егілуде. Әрине, күріш өңіріміз үшін негізгі дақыл түрі екендігі сөзсіз. Биыл шаруалар 392 гектардан күрішті шығынсыз жинап алды. Егілген күріштің көлемі жалпы егін көлемінің 30 пайызға жуығын құрайды. Суды үнемдеу мақсатында бірқатар шаруа қожалықтар тамшылатып суару әдісін де қолданысқа енгізді. Айталық, «Апбасов» шаруа қожалығы ауылшаруашылығы алқаптарын тамшылатып суару жүйесімен толықтац қамтылды. Жалпы су мәселесі өзекті болып тұрған уақытта, біз әр тамшы суды үнемдеп жаратуға

тиіспіз.
– Алдағы уақытта қандай жаңалықтар күтеміз? Жоспарыңызбен бөліссеңіз.
– Ауыл тұрғындарымен кездесу өткізгенде елді-мекендегі барлық үйлер мен мекемелерді электр тоғымен қамтуға 2 трансформатор аздық ететіні, электр бағаналарының тозығы жеткенін жиі көтеріледі. Жоғары да айтып өткенімдей, бірқатар электр бағаналарын жаңалағанымызбен, бұл ескі бағаналарды жаңалау мәселесін түбегейлі шешкен жоқ. Келер жылы М.Сырымбаев, Бейбітшілік, Достық, 2,5,6 квартал көшелерінің электр бағаналары толығымен жаңадан орнатылады. Осы көшелерді өз алдына токпен қамту үшін бір дана қосымша трансформатор орнатпақпыз. Сондай-ақ Оқшы ата, Ж.Жабаев, Есабыз ата, С.Сейфуллин, М.Мәметова көшелерінің бойындағы 100-ден астам электр бағанасын және Есабыз ата көшесіндегі ескі трансформаторды жаңадан орнатуға тиісті құжаттамалық жұмыстар жүргізудеміз. Осы заңнамалық процесс аяқталса, бұл мәселе де жақын арада өз шешімін табады деп толық сеніммен айтуға болады.

– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Дархан Байтілес
Сұхбаттасқан
Дархан Байтілес