ТІРЛІГІ ТҰРАЛАМАҒАН ТҰРАН
Тұран тұрғындарының тұрмысы жайлы, тіршілігі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысқан, қазақы қаймағы бұзылмаған құтты мекен. Кеңес кезінде төрт түлігі төсінде өріп, алқабынан алтын дән өнген ауылдың тыныс-тіршілігі көпке үлгі. Ендеше, Тұран ауылдық округінде биыл атқарылып жатқан, көңіл толтырар мардымды жұмыстар жөнінде қалам тербемекпіз.
542 түтіні бар Тұран ауылдық округінде 3407 тұрғын тұрмыс кешуде. Елді мекеннің жалпы көлемі – 11 252 гектар. Оның ішінде егістік – 3756,9 гектарды, ал жайылымдық жер – 2684,7 гектарды құрайды. Мұндағы тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдау-көмектерін тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылық техникаларын алуда. Жеңілдетілген несиелер арқылы асыл тұқымды мал басын көбейтуге де ден қойған. Шаруаға бейім жұртшылық шаруасын дөңгелетуге ұмтылып келеді. Соның нәтижесінде мал басы артып отыр. Қазір округте 26 шаруа қожалық, мал шаруашылығымен айналысатын 32 жеке кәсіпкер бар. Ата кәсіпті дамыту мақсатында 6 пайыздық несиені 3 азамат алыпты. Жалпы сомасы – 10 500 000 теңге. Ауылдағы үлкен «Төңкеріс-К» шаруа қожалығы бүгінде 92 адамды түрлі жұмыспен қамтып отыр.

Сонымен қатар елді мекендегі ірі қара 4683 басты құраса, уақ мал 7209-ға жеткен. Ал қамбар атаның төлі – 940.
Ауылдық округте 1 денсаулық сақтау, 1 білім беру, 1 ауылдық клуб, 1 учаскелік полиция жұмыс істейді. Сондай-ақ 8 дүкен бар. Ауылдың іші мұнтаздай тап-таза. Жеті көшесі толықтай жарықтандырылып, жаяу жүргінші жолақтары, жолда жүру белгілері қойылған. «Жол жаман болса атаң сүрінеді, атан да сүрінеді» деген дана халқымыздың тәмсілін ауыл тұрғындары жақсы түсінеді. Әрине, ат тұяғы сүрінбейтін тақтайдай жазық жол кімнің де болса арманы. Ерекшелігі сол, ауылдағы көшелердің 100 пайызы асфальтталған. Ауыл десе, алдымен есімізге ауыз су түседі. Бүгінде бұл елді мекенде ауыз су, аяқ су мәселесі толықтай шешімін тапқан. 2021 жылдың аяғында кіргізілген көгілдір отынды ауылдың 80 пайызы тұтынуда. Тұрғындардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Еңбек адамдары таң атысымен қызу шаруаларына кіріседі. Әкіміне дән риза ауыл тұрғындары туған жердің көркеюі үшін жұмыла жұмыс істеуге әзір.
«Өсер елдің керегесі кең болар» демекші, ауылдың әлеуметтік әлеуетін таныстырмаққа жол бастаған округ әкімі Болат Баймағанбетов елді-мекеннің қанаты кеңге жайылып, әлеуметтік нысандармен халыққа қызмет ету орталықтары қарқынды жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. Осы бағытта жасалынып жатқан жұмыстарды толығырақ тарқатсақ. Жоғарыда ауылдың 7 көшесіне көше шамдары қойылғанын айттық. Енді келер жылға Ы.Алтынсарин мен Орталық көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату жоспарланған. Ауылдың болашағына нық сеніммен көз жүгірткен тұрғындар үйлерінің қоршауларын заманауи үлгіде жаңартып, құрылыс жұмыстарына ден қоя бастады. Ауыл әкімінің ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқаны тұрғындарға серпін беріп, әлеуметтік нысандар кезегімен бой көтеруде.
Біз округ әкімімен арнайы тілдесу барысында ол: «Елу жылда ел жаңа…» деген сөз бар қазақта. Осы аталы сөзді басшылыққа ала отырып еліміздің өркендеуі жолында қалтқысыз қызмет етіп келеміз. Ауылдық жерлерге мемлекет тарапынан қолдау, қамқорлық көрсетіліп жатқаны бәріне аян. Сондықтан мұндай мүмкіндікті пайдаланып, ауылдарды ажарландырып, алдағы күндердің жарқын белестеріне жету үшін бәріміз бірге жұмылуымыз керек», – дейді әкім.
Округтегі 3407 халықтың 1806-ы экономикалық белсенді санатына жатады. Олардың 32-і тұрақты жұмыс іздеп хабарласқан. Жыл бойына 54 отбасы жаңа форматтағы атаулы көмек алса, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа 21 адам, жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 1 азамат еңбекке тартылып отыр. Жалпы жұмыссыздық деңгейі - 0,2 пайызды құрайды.
Сұлушаш МАДИЯРОВА