Тұрғындар арызы аяқсыз қалмайды
Шиелі ауданындағы сан түрлі саланың жұмысын саралап, кем-кетігін назарға алып, атқарылған істің бағасын беретін қоғамдық кеңес жыл сайынғы үрдісінен жаңылған емес. Жуырда өткен қоғамдық кеңес отырысында 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттегі өзгерістер мен кенттегі Ә.Тоқтыбаев көшесінің тұрғындарынан түскен арыз қаралды.
Қоғамдық кеңес мүшелері алдымен аудандық бюджет және экономка бөлімінің басшысы М.Жұмәділдің баяндамасын тыңдады. 2023 жылға арналған аудандық бюджет 100 млн теңгеге көбейтілгенін сөз еткен мекеме басшысы қаржының қайда жұмсалатынын егжей-тегжейлі айтып шықты. Мәселен, аудандық мәслихаттан 1 млн 100 мың теңге, қоғамдық даму бөлімінен 1 млн 437 мың теңге, мәдениет және спорт бөлімінен 3 млн 351 мың теңге, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 39 млн 193 мың теңге, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен 851 мың теңге үнемделген. Сондай-ақ ауылдық округ әкімшіліктері мен түрлі саладан шегерілген қаржы қайтадан басқа жұмыстарға бағытталатын болады.

– Үнемделген қаржыны ел игілігіне жарату мақсатында түрлі бағыттарға бөліп, жоспары жасалған болатын. Нақтырақ айтқанда, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне Ботабай, Жаназар батыр, 1 Май елді мекенін сумен қамту жүйелері құрлысының техникалық төл құжатын әзірлеуге 2 млн 100 мың теңге, Шиелі кентіндегі М.Зекеев және Бөлтекейұлы көшелеріндегі су құбырларының құрылысына 1 млн 365 мың 400 теңге бағытталып отыр. Оған қоса Бәйгеқұм, Алмалы, Бестам, Жақаев, Жөлек, Қодаманов, Жиделі ауылдарындағы ВЛ-10/0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеуге 26 млн 361 мың 800 теңге, Ақмая ауылдық клубы мен әкімдік ғимаратының қазандығын газға ауыстыруға 4 млн теңге қаржы қаралды. Ал Мәдениет және спорт бөліміне 3 млн 41 мың теңге бөлінсе, Экономика және қаржы бөлімінің қызметтік ғимаратын жай жөндеуден өткізу үшін 19 млн 880 мың теңге бағытталды, – деп қоғамдық кеңес мүшелеріне есеп берді.
М.Жұмәділдің баяндамасын тыңдай отырып, кент ішіндегі Әл-Фараби, Досбол датқа, Дәулеткерей, А.Байтұрсынов, Ы.Жақаев, Абылайхан, Бұдабай, С.Сейфуллин, Шәкәрім көшесі қайта жаңғыртылатынынан хабардар болдық. Ол үшін үнемделген бюджеттен 150 млн теңге қаржы қаралатын болады.
Сондай-ақ Ақмая ауылдық округіне 5 автобус аялдамасын орнатуға және қатты қалдықтар тастайтын полигонды қоралауға 2 млн теңге қаржы бөлінбек. Ал Қоғалы ауылдық округіне көше жарығы бағаналарын орнату үшін 1 млн теңге берілсе, Сұлутөбе ауылдық округі, Жаназар батыр елді мекеніне арка орнатылатынын тілге тиек етті мекеме басшысы.
Аудан қоржынындағы қаржының әр тиынын есептеп берген аудандық бюджет және экономика бөлімінің басшысы М.Жұмәділдің баяндамасынан кейін, кент әкімі А.Өмірәлі тұрғындардың базынасын жеткізбекке мінберге шықты. «Шиелі кенті Ә.Тоқтыбаев көшесінде орналасқан көп қабатты №3 тұрғын үй, 21 пәтер 24 сағатқа жалға беріледі. Аталған көшеде 150-ге жуық кәмелет жасқа толмаған жасөспірім тұрады. Ал жалға берілетін пәтерге ішімдік ішкен азаматтар жиі келеді. Тіпті масаң күйінде көлік тізгіндеген азаматтар абайсызда балаларымызды майып қылады ма деп қорқамыз. Ауланы ластап, ішімдіктің құтыларын тастайды. Қазір балаларды аулада ойнауға да шығара алмаймыз» деп арыз түсірген тұрғындардың шағымына жалға беруші үй иесі жауап қатпаған. Тіпті полиция қызметкерлерін шақырғанымен қатаң шара қолданбағанын күйіне жазған тұрғындар, ендігі жерде қоғамдық кеңестің көмегіне жүгінуді жөн санапты. Өз кезегінде жергілікті полиция жеке кәсіпкерлердің құқына қол сұға алмайтындығын жеткізді.
Бүгінде теледидар мен әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршіндерге көрсетіліп жатқан қорлық-зорлықтың көбейгені рас. Содан болар ата-ана баласын есік алдына шығаруға сескенеді. Ал бұл мәселе бей-жайлықты көтермейді. Қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Бекішов көтерілген мәселені жіті назарға алып, тұрғындардың арызын аяқсыз қалдырмау керектігін айтты.
Г.ДҮЙСЕБАЙ