Жер дауы – қоғам мәселесі
Қазақ даласында жер дауы ықылым заманнан бері кездеседі. Тіпті «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы», «Есім ханның ескі жолы» сынды белгілі бір заңдар жинағында жер дауын шешудің тиімді тұстары қарастырылған. Әрине, қазақ хандары дәуірінде дау-дамайлар ақсақалдар мен көсемдердің қатысуымен шешіліп, екі жақ айқай-шусыз бір келісімге келетін еді. Дауласушы екі жақ өзіне тиесілі жерді дәлелдейтін айғақ немесе куәгер алып келіп, өзінің жеке меншігінде екеніне көпшіліктің көзін жеткізген. Дала заңына бағынған ата-бабаларымыз жер дауына келгенде өтірік сөйлеу я болмаса жалған деректерді жинастыру сынды қулықтарға жол бермеген. Ал егер екі жақтың да дәлелі теңдей болған сәтте, дауласушы тарап «ант ішу» рәсімін орындаған. Шешуші сәтке келгенде ешкім өтірік айтып, жалған ант бермейтін. Себебі уақыт өте келе өтірігі әшкере болғанда ел-жұрт оны «ант ұрған» деп қарғап, ұрпақтан-ұрпаққа жететін таңба болып қалатын. Бұл бір жағынан қазақ халқының антқа беріктігі мен шыншылдығының дәлелі еді. Әрине, қазіргі таңда дала заңының ауылы алыс кеткелі қашан? Алайда қазіргі қоғамда да жер дауы шиеленісіп тұрған мәселе. Өкініштісі, жерді өзінің меншігі ретінде көрсететін адамдардың да табылатыны жасырын емес.
«Жер дауы – тәмам бес миллион қазақ дауы» деп Әлихан Бөкейханов айтпақшы, қазақ тарихында осы уақытқа дейін орын алып келген жер дауы әлі де орын алатыны сөзсіз. Алайда, сол киелі жер үшін ар-ожданнан аттап, жымысқы әрекеттерге барудың қажеті жоқ. Қанша дегенмен, қара қылды қақ жарған, әділдікті ту еткен қазақ билері мен хандарының қаны бойымызда бар. Демек, жаһандану заманының ұрпағы да қандай дау болмасын тек әділдікпен, ізгілікпен, шыншылдықпен шешеді деген сенімдеміз.

Сайдуллаева Абдуллажан Сайджаппарович
Шиелі аудандық сотының судьясы
Шиелі аудандық сотының судьясы