Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұлулықтың құт мекені

Сұлулықтың құт мекені


Соққан желі төрт дауыста ән салатын,
95-ке толдым деп жар салатын.
Қамысының ұшындағы үкі ырғалып,
Әр таңын үмітпенен қарсы алатын.
Диханы далада жүр ала жаздай,
Бүкіл әлем біледі атын жазбай.
Нар тұлғалы Нартайға өлең қонған,
Қазақта батырлар аз Жаназардай.
Серке кетті тақымында
шабандоздың,
Шиелі десе, шыдамай арқа қоздың.
Бәйге деген біз үшін үлкен жұмыс.
Қиқуласам келіп тұрады топтан озғым,
Жерімнің үсті күріш, асты уран.
Кәрі жасым еңбек десе белін буған,
Шиелім сұлулықтың құт мекені.
Адамның арманы жоқ сенде туған,
95 жыл аштың тарих парақтарын.
Ескі мен жаңаны ашып сабақтадың,
95 жыл тоқтаусыз жылжудасың.
Шиелім назарында Жаратқанның.
Жақсылыққа жасайтын бар амалын,
Болмаған болашаққа еш алаңым.
95 жасыңызбен құттықтаймын!
Шиелім перзентісің жер Ананың!

Кенжебай Жүсіп
23 қазан 2023 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9403).

16 мамыр 2026 ж.

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031