Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әнге айналған Шиелі» атты жергілікті сазгерлердің әндерін орындаушылардың концерті өтті

«Әнге айналған Шиелі» атты жергілікті сазгерлердің әндерін орындаушылардың концерті өтті

Шиелі аудандық мәдениет Үйінде Жиделіарық ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Әнге айналған Шиелі» атты жергілікті сазгерлердің әндерін орындаушылардың концерті өтті.
Әнге айналған Шиелім бар жетелі,
Келген жандар жырға бөлеп кетеді.
Көріңіздер Шиелінің өнерін,
Ақын, әнші, жыршылардың мекені.
Берекелі ел, әрбір ісі жүйелі,
Кемеңгерлер өсірген жер киелі.
Атыңды әлем танитындай күн жетсін,
Шарықтай бер «Әнге айналған Шиелі», - деп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік концертте Шиелі топырағында туып, туған жеріне өлең жырын арнап, киелі өңірімізде түлеген авторлар И.Байкенжеевтің «Сырдария», Ө.Исмаилдың «Көрікті Шиелім», К.Жүсіптің «Бақытым», С.Сыздықовтың «Мақтанышым Шиелім», А.Қалекеевтің «Ғашықтар мекені» әндерін көрермендер ерекше ықыласпен тамашалады.

Шиелі Аудандық Мәдениет Бөлімі ФБ парақшасынан



27 қаңтар 2021 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930