МОЛДАБАЙ ОРАЗБЕКҰЛЫ: САЙЛАУҒА САҚАДАЙ САЙМЫЗ
Биыл 5 қарашада республика бойынша аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланады. Пилоттық режимде қолға алынған саяси дода елімізде 3 қала мен 42 ауданда өтеді. Ал Қызылорда облысында Сырдария және Шиелі аудандарының әкімдері халықтың тікелей таңдауымен сайланбақ. Мұндай талап-міндет – өркениетке, демократиялы қоғамға қол созған реформалардың жемісі. Осы тұста аудан әкімдерінің сайлауына дайындық жұмыстары, осы саяси науқанның ерекшеліктері мен маңызы туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Молдабай Оразбекұлымен жедел сұхбат ұйымдастырған едік.
– Молдабай Оразбекұлы, Президент биыл республика бойынша 45 аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланатынын жеткізді. Қызылорда өңірінде 2 аудан белгіленіпті. Жергілікті депутаттар неліктен Шиелі ауданына таңдау жасады деп ойлайсыз?
– Сауал орынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әкімдерді тікелей сайлау демократияландырудың үрдісі екенін айтып, ауыл әкімдерімен қатар аудан әкімдерінің сайлауын өткізу өте маңызды қадам деп атап өтті. Президент биылғы жаңа Жолдауында әкімдер сайлауын өткізу бағытында сайлау комиссияларына нақты міндеттер жүктеді. Осы міндет аясында пилоттық сайлауды өткізу алғашқы тәжірибесі ретінде Қызылорда облыстық мәслихат депутаттары облыс бойынша Шиелі және Сырдария аудандарын таңдау жасағаны екі ауданға үлкен сенім артқаны деп білемін. Негізінен Шиелі ауданында барлық деңгейдегі сайлаулар бойынша бірде-бір келеңсіз жағдайлардың туындамауы, халықтың сайлауға қатысу көрсеткішінің жоғарылығы, сайлау комиссиясының заң аясында ұйымдастыру жұмысының нәтижелігіне байланысты деп ойлаймын.
– Өзіңіз ұзақ жылдан бері сайлау жүйесінде тәжірибеңіз бар. Бүгінгі күні аудандық, учаскелік комиссия мүшелері пилоттық сайлауды өткізуге қаншалықты дайын?
– Сайлау жүйесінде тәжірибе толыстырғаныма биыл 27 жылға жуықтапты. Әрине, басты талап – сайлауды әділ әрі заң талаптарына сай ұйымдастыру. Бүгінгі күнге аудандық және 40 учаскелік сайлау комиссиясы сайлауды өткізуге дайын. Арнайы бекітілген күнтізбелік жұмыс жоспар бойынша учаскелік сайлау коммиссиялары жұмыстарын бастап кетті. Учаскелік комиссия мүшелерінің білімі жоғары, сайлау өткізудегі тәжірибесі мол деп айта аламыз.

– Молдабай мырза, учаскелердің талапқа сай жабдықталуы мәселесі өзекті. Дайындық процесі қалай жүруде?
– Барлық учаскелік сайлау комиссияларына арнайы жұмыс кабинеттері бөлініп, толық жабдықталған. Учаскелік сайлау комиссияларының төраға, төраға орынбасарлары мен хатшыларына электоралды оқу-семинарлары өткізілсе, әр сайлау учаскелерінде апта сайын каскадтық оқулар ұйымдастырылуда. Қазан айының 15-інен бастап барлық учаскелерге сайлаушылар тізімі беріледі. Комиссия мүшелері тізімді нақтылау жұмыстарын жүргізгеннен кейін ақпарат тақталарына ілетін болады. Мұнан бөлек, Қызылорда өңірі бойынша «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты арнайы сервис іске қосылды. Бұл сервистің көмегімен тұрғындар ЖСН нөмірін теру арқылы өзінің қай учаскеге тіркелгенін біле алады. Бұл сайлаушылар үшін өте маңызды.

– Аудан әкімдеріне үміткерлер қалай сайланады? Басты ерекшелік неде?
– Әкім болуға кандидатты ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар – өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға өтініш беру арқылы ұсына алады. Ең бастысы – кандидат жоғары білімді, жасы 25-тен асуы қажет. Бірақ кандидаттың біліктілік талабы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

– Сайлауға қанша кандидат құжат тапсырып үлгерді? Олардың білім деңгейі, мамандығына қатысты талдау жүргізіледі ме?
– Сайлауға 4 кандидат құжат тапсырды. 1 азамат өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынып тасталды. 1 кандидат «AMANAT» партиясы атынан ұсынылса, 2 кандидат өзін-өзі ұсыну жолдары арқылы құжат өткізді. Әрине құжаттар қабылданғаннан кейін арнайы тиісті тексеру мекемелеріне жолданып, құжаттары оң нәтиже алғаннан кейін ғана кандидат ретінде тіркеледі. Ұсынылған 3 кандидаттың құжаты тексеріліп, тіркелді.

– 10 қазаннан бастап үгіт-насихат жұмыстары басталды. Кандидат нені ескеруі керек? Сайлаушылармен кездесу орындары белгіленді ме? Осы бағыттарға тоқталып өтсеңіз?
– Сайлау күнтізбесіне сәйкес,10 қазан күні сағат 18:00-ден 3 қараша 00:00-ге дейін үгіт-насихат уақыты болып белгіленген. Ерекшелігі сол, сайлаушылардың өз қорлары болмайды. Кандидаттар үшін арнайы шығыс мөлшері бекітілді. Әр кандидатқа 420 мың теңге белгіленді. Ол БАҚ-қа шығу, үгіт материалдарын шығару және көліктік шығыстарға бағытталады. Кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесулер орны мен үгіт материалдарын орналастыратын орындар белгіленді. Аудан бойынша 30 үгіт материалдарын ілуге арналған орын, 24 сайлаушылармен кездесу орны белгіленді. Мұнан бөлек желілік кестелері бойынша кандидаттар мекеме қызметкерлерінің жұмыс уақытына кедергі жасамай кездесулер ұйымдастыра алады.

– Сайлаудың әділ өтуі әрине сайлаушыларға байланысты. Бүгінгі күні ауданда қанша сайлаушы бар? Олар үшін арнайы мүмкіндіктер қарастырылған ба?
– Әрине, сайлау әділ, заң талаптарына сай ұйымдастырылады. Халық өзі қалаған кандидатына дауыс беріп, аудан үшін маңызы бар істе белсенділік танытады деп ойлаймын. Бүгінгі күнге аудан бойынша 50 402 сайлаушы тіркелген, сайлау күніне дейін әлі де сайлаушылар тізімі нақтыланатын болады. Сайлаушыларға барлық мүмкіндіктер қарастырылған, мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы кабиналар жасақталады және есту, көру қабілеті төмен азаматтар үшін құлаққаптар мен үлкейткіш құралдар алынады. Бюллетенді дұрыс толтыру жолдары көрсетілген аудио форматтағы материал да болады. Сайлау күні халықты саяси науқанға белсенді түрде шақыру үшін қарт сайлаушы, жас сайлаушы, дәл сол күні туған сайлаушыға, 1-інші, 100-інші, 500-ынші, 1000-шы сайлаушыларға сыйлықтар ұйымдастырылады. Негізінен, сайлау өткізуге сақадай саймыз.

– Сұхбатыңызға бек рақмет!
Сұхбаттасқан
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ