Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауда жүйелі мәселелер айтылды

Жолдауда жүйелі мәселелер айтылды

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Жыл сайын Жолдауды асыға күтетініміз жасырын емес. Осы жолы Мемлекет басшысы қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық маңызды салаларын толықтай қамтып, сан саланың тамырына қан жүгірткендей болды.
Қазақстан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті елдер қатарынан қара көрсетіп келеді. Алдағы мақсат – «Жаңа Қазақстанды» құру. Ол үшін жаңа идея, тың бастамалар көтерілуі қажет. Озық елдермен еңсе теңестіру үшін ең әуелі білімге ден қойған мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп, 300-ден аса денсаулық сақтау нысаны салынып жатқанын айтты. Бұл ауылдық жерлердегі қарапайым халыққа үлкен қолдау. Оған қоса «Ұлттық қор – балаларға» жобасы да қолға алынды. Ендігі жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бас­тайтын болады.
Жер дауы сонау заманнан келе жатқан күрделі мәселе десек, оны шешу жолында да нақты іс-әрекеттер жүзеге асуы тиіс. Мемлекет басшысы игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын тілге тиек етті. Бұл да оң өзгеріске бастайтын сара жол деп білемін. Биылғы жолдауда айтылған әрбір мәселе оң шешімін тауып, іске асса әлеуметтің әлеуеті арта түсеріне кәміл сенімдеміз.

Әбдімомын Әлдияров,
Қазақстан Халық партиясы
Шиелі аудандық өкілдігінің төрағасы
25 қыркүйек 2023 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031