Грант иегерлері анықталды
Болашақтың жарқын болуы – білімді жастардың қолында. Халқымызда «Білімдінің алды жарық» деген сөз де бар. Әрбір көзі ашық, көкірегі ояу азамат білім алып, өз елінде кез келген салада табысты қызмет ете алады.
Осы ретте мектеп бітірген әрбір жас түлек мемлекеттік білім грантынан үмітті. Олар жаз басталысымен, ҰБТ тапсырып, онан соң құжат өткізді. Одан кейінгісі зор үмітпен нәтижені күту еді. Тамыз айының ортасында көпті күттірген мемлекеттік білім беру гранттарының қорытындысы жарияланған-ды. Бірі қуанып, бөркін аспанға лақтырса, енді бірінің көңілі түсті. Бағы мен бабы шаппай қалған жандарға облыс әкімінен арнайы 100 грант бөлінген-ді. Оның 9-ы Шиелі ауданына тиесілі. Осылайша, ауданның тоғыз талапкеріне оқу ақысын төлеп беруге әлеуметтік төлем тағайындалды.

Ақжолтай хабардың ақпаратын сұрағанымызда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов:
– Мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған, әлеуметтік ахуалы төмен, белгілі санатқа жататын отбасылардан шыққан түлектерге облыс әкімі грантының бөлінісі негізінде тиісті құжаттарын қарадық. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен де етене танысып, әлеуметтік көмек тағайындауға студенттерді іріктеу жөніндегі аудандық конкурстық комиссия хаттамасына 9 үміткер грант иегері атанды. Тиісінше ЖОО-ғы оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек тағайындалды. Нақтылайтын болсам, әлеуметтік көмек оқу жылының басында төленетін оқу орындары көрсететін білім беру қызметі мөлшерінде және тамақтану мен тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін 72 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы төлемнен тұрады, – дейді.
Айта кетейік, тоғыз түлек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жаратылыстану мен гумманитарлық бағыты бойынша білім алады.
«Өскен өңір» ақпарат