Дін және дәстүр
Ата-бабаларымыз ежелден бері дін мен дәстүрді қос аққудай ұштастырып келе жатыр. Қазақ халқы үшін дін және дәстүр егіз ұғым. Дін адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік сана болса, дәстүр сан алуан жылдардан бері қалыптасып келген өмір сүру салты. Бұрынғының аламдары дінді де дәстүрдіде тереңінен түсініп салт-дәстүрге берік болған. Сол себептіде наным сенімдерімізбен, мәдениетіміз өзінің құндылығын жоғалтпай біздің заманымызға дейін сақталып келді.
Дегенмен қазіргі таңда дініміздің біркелкілігінің жоғалғанын байқау қиын емес. Оған себеп ретінде бірнеше факторды атап өтуге болады. Бірақ осы факторлардың ішінде ең үлкен ақиқаты қазақ халқының кеңес үкіметі тұсында дінінен салт-дәстүрінен айырылып қала жаздағанын айтуымызға болады. Өйткені сол жылдары қазақ халқы рухани құлдырауға бет бұрып, өздігін жоғалтуға шақ қалды. Қазақ салт-дәстүрін исламдағы бидғат, ширк деген терминдерін дұрыс қолданбай, сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан ата-баба дінін, дәстүрін жоққа шығарды.
Омар ЕРАСЫЛ,
Ж-22-1
Ж-22-1