Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үмеге келген үндемей қалмайды

Үмеге келген үндемей қалмайды

Қазақ – салт-дәстүрге бай халық. Ұлттық мәдениетіміздің , ұлттық кодтың болмысымыздан көрінуі осы салт -дәстүрлерге байланыс­ты. Адамның дүниеге келуінен бастап, өмірден өтуіне дейінгі аралықта түрлі салт-дәстүрлік ұғым, той-томалақ, іс-шараларды атқарады. Тіпті сұм ажалдан кейін де атқарылатын ғұрыптары бар.
Ежелден салт-дәстүр егіз ұғым. Сіз бен біз білмейтін түрлі салт-дәстүрлер тарих беттерінде тізбектеліп тұр. Біразын біліп, санаулы ғұмырымызда пайдалансақ, біразын жадымыздан шығарғанбыз. Сондай қалыс қалғандарды қайта жандандырып мәре-сәресін шығарсақ құба-құп іс болар еді. Ұлттық болмысты, генетикалық кодты сақтап қалғымыз келсе осындай түрлі салт-дәстүр мен жөн-жоралғыларды есімізден шығармай, санамызға сіңдіре берсек рухани жаңғыруда рухани түлейтініміз анық. Бұл ізгі тілегімізге Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқау болмақ.
«Қыстың қамын жазда ойла» деп тіршілігімізде үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды туыстармен, достармен «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бітіріп алатынымыз бар емес пе? Бүгінде соны халқымыз асар деп атайды. Ал бұрын мұны үме деп атағанын көне көз қарияларымыз білсе, жас ұрпақтың білмесі анық. Биыл Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен «Еріктілер жылы» үме салтының жылы болып, жасы мен кәрісі кез келген тірліктің басын қайырып тұрғаны көңілді қуантады. «Үмеге келген үндемей қалмайды» деген мақалдың мәнісін енді түсінген боларсыздар.
Меншігін жоғалтқан адам қапаланатыны бесенеден белгілі. Тауып берген адамға сүйіншісі бар деп құлаққағыс етіп, ынталандырып қоятынымыз тағы бар. Егерде тауып алған заттың егесін таппаған, білмеген жағдайда өзімізге қалдыруға болады. Бірақ кімдікі деп сұрау салу әлімсақтан бар, адамгершілікке тән қасиет. Иесі табылмаған жағдайда тауып алған затты өзіңізге қалдыруға да болады. Болмаса біреуге сыйлау өз еркіңізде. Тауып алған затты біреуге сыйлау қазақта ежелден келе жатқан байлау деген салтпен үндесіп жатқанынан хабардар болыңыздар. Бұл байлау әрбіріміздің басымыздан өткен шығар, сірә. Бірақ мұның байлау деп аталатынын бірі білсе, бірі білмес.
Бүгінде қолданыста, бірақ атауы ұмыт болған әсіресе, құқық, заң органдарында пайдасы тиетін салттың бірі – бет айғақ. Қазіргі дамыған заманда өрескел қателікті тудырушылар да көбейген. Әсіресе, ауылдық жерлерде мал ұрлығы жиі кездеседі. Жоғалған малын тауып берсеңіз сүйіншісін аласыз. Егерде сіз ұрлық жасаған қылмыскерді табуға көмектессеңіз тағы ынталандыру сыйлығына ие боласыз. Осы салт түрі «Жеті жарғыға» «Бет айғақ» деп енгенін тарих беттерінен, көркем шығармалардан көруге болады.

Ақбота Баянбай
09 қараша 2020 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031