Ауданда «Cleaning_shieli» компаниясының көмегіне жүгінетіндер көп
Заманның жыл сайын көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқаны жасырын емес. Әсіресе, озық технология мен техникалар адам баласының жұмысын жеңілдетуде. Бұрынғыдай емес, қазір қолыңды байлайтын тірліктен құтылуға да, қауырт жұмыстан арылып, өз уақытыңды тиімді пайдалануға да болады. Тек қалтаңызда қаражатыңыз болса болғаны. Тіпті, бүгін теңгесін берсеңіз арнайы орталықтар «құтқарушы періштеңізге» айналып, тұрмыстық техникаларыңызға жаңа өмір сыйлап, тірлігіңізді тындырып, үйіңізді тап-тұйнақтай етіп береді. Айтпағымыз, әлеуметтік желіде танымал болған, әмбебап құрылғылар арқылы үйлер мен кеңселерді тазалап беретін «Клининг» орталықтары төңірегінде.
Өткенге сәл шегініс жасайтын болсақ, бұрындары қолдың жұмысы біраз шаруаға сеп болғанын аңғарамыз. Алайда үй шаруасын атқару кәдімгідей уақытты алатын. Әлем елдерінде болғанымен, әмбебап ыдыс жуғыш құралдар да, сенсорлы шаңсорғыштар мен тетікшелі тазалағыштар бола қойған жоқ. Тек жартылай кір жуғыш мәшинелер ғана жұмысты жеңілдететін. Ал қазір ше? Қазір бәрі қолжетімді. Бір ғана түймені басып қойып, үйіңіздің шаруасын атқара бересіз. Баяғыдай кірді қолмен жумайсыз, шаршап-шалдығып үйді тазаламайсыз. Ыдысыңыз да өз-ақ жуыла береді. Орысшалап айтқанда, тек аптасына бір рет үйіңізге «Генеральная уборка» жасасаңыз болғаны. Ал олай еткіңіз келмесе, оған да бас қатырмауға болады. Қолыңыздағы құрылғыңыз арқылы қалаған орталықтардың біріне қоңырау шалып, арнайы мамандарды үйіңізге шақырта аласыз. Көңіліңіз қалағанына тапсырыс берсеңіз, «клининг» орталықтары бірден көмекке келеді.
Клининг – соңғы жылдары танымалдылыққа ие болып, кеңінен таралған бизнес түрі. Бұл сөз жаһандық жұртқа жақсы таныс. Әсіресе, батыс пен шығыс халқы клинер мамандардың қызметіне көптеп жүгінеді. Себебі, олар уақытты тиімді пайдаланып, тазалық жұмыстарын арнайы орталықтарға тапсырады. Мұндай жұмыс олар үшін құрметті қызмет түрі болып есептеледі. Ал «Клининг» сөзі Қазақстанға соңғы бес жылдың көлемінде ене бастады. Бастапқыда клинерлердің көмегін пайдаланатындар бола қоймаса да, соңғы екі жылда оған да сұраныс жоғарылады. Әсіресе, бизнес орталықтары мен кеңселерді тазалататындар саны екі есеге артты. Қалалық жерлерде бұл да таптырмас кәсіп түріне айналды.
Аталған кәсіп түрі дәл қазіргі уақытта елімізде кәдімгідей кең етек алуда. Бір жағынан бұл таңнан кешке дейін жұмыс істейтіндер үшін пайда. Яғни, қауырт жұмыстан босай алмайтындарға өте тиімді. Екінші жағынан «клининг» орталықтардың дені көптеген ¬дипломсыз жандарды жұмыспен қамтуда. Ал осындай орталық ашып, кәсібімді дөңгелетемін дегендерді мемлекет те қолдауға әзір. Содан да болар, «Бастау бизнес» арқылы жоба қорғап, «клининг» орталықтарын ашатындардың қатары көбейген. Биылдың өзінде Қазақстандық жиырма кәсіпкер жоба қорғап, жеңімпаз атанып, орталық ашқан.
Хош. Әріге ұзамай-ақ қоялық. Аудан көлемінің өзінде де «Clean house» орталықтары баршылық. Сұраныс та жоғары. Себебі Шиеліде түрлі кеңселер, тамақтану орындары мен мейрамханалар күн сайын бой көтеруде. Демек, аталған қызмет түрі аудан халқы үшін ауадай қажет. Біз де әлеуметтік желіден аудандағы бірнеше орталықтарды шолып шықтық. Көзімізге түскен бірінің жұмыстарымен таныстық. Сөйттік те парақшада белгіленген нөмірге хабарласып, толықтай ақпаратты өздерінен сұрап білдік.
«Cleaning_shieli» компаниясы. Құрылғанына небәрі 2 жыл болса да бүгінде аталған орталықтың көмегіне жүгінетіндер көп. Дәл қазіргі уақытта командада 5 адам және арнайы мобилограф жұмыс істейді. Өз істеріне тиянақты әрі жауапты мамандардан жасақталған құрамды аудан халқы жақсы таниды. Өйткені олар дүкендерде сатылатын химиялық қоспалармен емес, неміс және мәскеу елдерінен келетін сапалы құрал-жабдықтарды пайдаланады. Сондай-ақ үйді тазалауға арналған құралдарының өзі қарапайым емес, қымбат машиналардан тұрады. Бір сөзбен айтқанда гинералды тазалық жұмыстардың барлығы дәл осы компанияның мойынында. Орталыққа аудан тұрғындары ғана емес, Сүттіқұдық, Сунақата, Төменарық, Қарғалы, Алғабас, Бала би сынды ауыл тұрғындары да тапсырыс беретін болып шықты. Ал мұндай қызмет үшін олар 50 мың теңгеден бастап ақы алаlы. Шаршы метрі – 350 теңгеден басталады. Демек, бағасы қолжетімді. Әрі әмбебап орталық жуырда заңды түрдегі орталықтардың біріне айналып үлгерді.
Иә, жоғарыда айтқанымыздай, мұндай шағын кәсіп түрі көптеген адамдар үшін таптырмас мүмкіндік. Алайда оның қараңғы тұсы да жоқ емес. Мәселен, мұндай қызмет түрі пайда болғалы бері жұмыс істеуден жалтарып бара жатқандар саны күрт көбейді. Еселі еңбекті сүйетін, аянбай тер төгуді қалайтын ауыл тұрғындары үшін бұл тақырып ұнамсыз. Клининг орталықтарының көбейгенін құптамайтындардың қатарында Қалима апа да бар.
Тараптың екіге бөлінетіні ақиқат. Бірі дұрыс десе, енді бірі бұл тақырыпқа теріс пікір білдіруі де заңды. Ал «клининг» қызметкерлерін алдап апанға түсіретіндерге не дерсіз? Иә, иә. Шалыс оқыған жоқсыз. «Клининг» орталықтарының кейбір басшылары өз қызметкерлерін уақытша пайдаланып, келісілген ақшаны бермейтін көрінеді. Әсіресе, Астана, Алматы қалаларында заңсыз жұмыс істейтіндер дипломы жоқ, алайда екі қолға бір күрек таппай жүргендерді осылай алдайтын болып шықты. Бұл тақырып та жуырда әлеуметтік желіде біраз шуға айналған еді. Мәселенің тереңіне сүңгитін болсақ, бұл тақырыпты әлі де біраз зерттеуге де болар еді. Бірақ біз де осы жерден аялдайық. Әркім өзі білер. Жұмысты жеңілдететін, қолыңды ұзартатын орталықтардың көбейгені көңілге шаттық ұялатады. Бірақ жалқаулыққа салынып, арулардың ақсаусақ болғаны да дұрыс емес. Арғы жағын оқырманы өзі саралай жатар.

“Біздің компанияның құрылғанына 2 жылға жуық уақыт болды. Жақын арада заңды түрде жұмысымызды бастадық. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Өйткені «клининг» орталықтары қазіргі таңда өте қажетті болып табылады. Заман дамыған сайын, сұраныс та жоғарылайтыны жасырын емес. Десек те, аудан халқы бұл нәрсені әлі күнге дейін дұрыс түсіне алмай жүр десем де болады. Әсіресе, бұрынғының адамдары. Олардың басым көпшілігі мұндайды бос шығын деп ойлайды. Бірақ мен олай айтпас едім. Қазір бұрынғыдай заман емес. Адамдардың барлығы таңнан кешке дейін жұмыс істегендіктен, үй жинауға, тұрмыстық техникаларды тазалауға мүмкіндігі бола бермейді. Мұндай жағдайда біз бірден көмекке келуге тырысамыз. Тек қана үй жинау, тазалау жұмыстарын жүргізбейміз. Газ, тоңазытқыш, таттанып қалған пештерді темірлерді, шаң басқан жиһаздарды шетелден келетін қымбат жуғыш құралдармен тазалаймыз. Мұндай жуғыш заттардың еш ¬зияны жоқ. Керісінше, үйдегі, кеңселердегі көзге көрінбейтін бактериялардан тазартады. Ал көптеген адамдар аптасына бір рет үйлерін жақсылап жинап, жудық деп ойлайды. Ақиқатында, дүкендерде сатылатын жуғыш құралдардың сапасы сын көтермейтіндігін біле бермейді. Бүгінде біздің компанияға хабарласып, тапсырыс берушілер баршылық. Бір айда кем дегенде он шақты үйді мұнтаздай етіп, алғысын аламыз. Командамдағы бес жұмысшы айлыққа емес, күн сайынғы ақыға жұмыс істейді. Елу проценті оларға, ал қалғаны маған қалады. Мен ол ақшаға арнайы жуғыш машиналар мен құрал-жабдықтар сатып аламын. Бір жағынан мемлекет тарапынан қолдау болса деп ойлаймын. Себебі, біздің компанияның құрал-жабдықтарын тасуға арнайы көлік ауадай қажет. Алдағы уақытта өз бизнес жобамды қорғап, жұмысымды әрі қарай жандандарғым келеді”, – дейді компанияның негізін қалаушы Ақмарал Тұрғанбекова.
Иә, жоғарыда айтқанымыздай, мұндай шағын кәсіп түрі көптеген адамдар үшін таптырмас мүмкіндік. Алайда оның қараңғы тұсы да жоқ емес. Мәселен, мұндай қызмет түрі пайда болғалы бері жұмыс істеуден жалтарып бара жатқандар саны күрт көбейді. Еселі еңбекті сүйетін, аянбай тер төгуді қалайтын ауыл тұрғындары үшін бұл тақырып ұнамсыз. Клининг орталықтарының көбейгенін құптамайтындардың қатарында Қалима апа да бар.
“Мен қарапайым ауыл тұрғынымын. Өзіміз үй тазалайтын орталықтарының не екенін білмей өстік. Есімде, бала күнімізде анам қазанның күйесін лай мен құмның көмегімен тазалайтын. Біз де соны көріп өстік. Ештеңесі жоқ, химиялық қоспаларға қарағанда сол әлдеқайда жақсы. Әрі мұнтаздай етіп шығарады. Қазіргі заттардың көпшілігінің құрамында адам денсаулығына зиянды қоспалар көп. Менің үш бірдей келінім бар. Жасырып қайтем, олар сіздер айтып отырған «Клиниг» орталықтарының көмегіне жиі жүгінеді. Үшеуі де мемлекеттік қызметте. Үйде көп болмайды. Аптасына бір рет үй тазалауға ерінеді. Бір сөзбен айтқанда, үй шаруасын істегілері келмейді. Ал мен оны дұрыс деп ойламаймын. Немерелерім бой жетіп келеді. Олар аналарынан көргенді үйренеді емес пе? Меніңше, «клининг» орталықтарының көбейгені дұрыс емес. Болса да, мұндай қызмет түрін үй жинауға емес, кеңселер мен мейрамханаларды тазалау үшін пайдаланған дұрыс. Онсыз да әлеуметтік желінің әлегінен шыға алмай жүрген қоғамды мұндай дүниелер жалқаулыққа тәрбиелейді”, – дейді Сұлутөбе ауылының тұрғыны.