Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдың қасиетті топырағынан шыққан Әбдіқайым ишан

Сырдың қасиетті топырағынан шыққан Әбдіқайым ишан

Сырдың қасиетті топырағы қаншама тарихты қойнауында бүгіп жатқаны біздер үшін әркез беймәлім болып қала бермек. Тарихи кітаптар мен құйма құлақ шежірешіл ақсақалдардан білімі мен жомарттығымен танылған тұлғаларды танысақ, білмейтініміз бір төбе. Шежіре бетінен аты-жөні қоюланып, көмескі күйге енген жандар да аз емес. Солардың бірі – Әбдіқайым Әбдімомынұлы.

Әбдіқайым Әбдімомынұлы 1897 жылы Иіркөл ауылдық округінде дүниеге келген. Атасы Тайыр халпе бүкіл Самарқанд өлкесіне білімімен танылған белгілі кісі. Ал әкесі Әбдімомын «Қой аузынан шөп алмайтын» өте қарапайым жан болған көрінеді. Тағдырдың тепкісінен таяқ жеп, таршылықта өмір сүрген әкесі мен баласы Құдайын аузынан тастамай, шүкір етумен күнін өткізеді екен. Жастайынан зерек болған Әбдіқайым әкеден алған ілімін жалғастырғысы келіп, оқуға ұмтылады. Осылайша 11-12 жасар бала Көкілташқа жолға шығады. 

Әбдіқайым Бұхарада «Көкілташ» медрессесінде оқуға қабылданып, шәкірттерінің алды болады. Бала күнінен оқуға құмар болған ол, ұстаздарының ықыласына бөленіп, оқу орнын бітірген соң өзі білім алған шаңырақта 2-3 жылдай қызмет атқарады. Осы жылдары аралығында  оқып, бойына тоқығаны көп Әбдіқайымды жұрт тани бастайды. Ел аузына болған ол, дін дұшпандарының да назарына ілігеді. Қудалаудың құрбаны болған діндар жігіт медрессемен қош айтысуға тура келеді. Қиыншылыққа қабырғасы қайыспай Самарқандтың Булынғыр ауданына қоныс аударып, жас болса да молда болады. Осылай ол «Бала молда» деген ат иемденеді. 

Бас сауғалап, медрессесін тастауға мәжбүр болғанымен сол уақыттағы солақай саясаттың құрбандарының біріне айналады. Дін дұшпандарының құрығынан құтыла алмай 1925 жылы Өзбекстанда жүріп «Қожа дін жолында» деген саясатпен қамауға алынады. Осылайша 3 жылға жуық өмірін темір тордың артында өткізеді. Бұл күндерді де артқа қалдырып, 1928 жылы Қазақстанға келеді. 1940-1950 жылдары Бөкейде үлкен Пірге қол тапсырып, Ишандық рұқсат алады. Сол рұқсат арқылы шәкірт тәрбиелеу мүмкіндігіне ие болады.
Бүкіл ғұмырын дін жолына арнаған ол 40-қа жуық шәкірт тәрбиелейді. Олардың ішінде Хақназар, Үммет, Тартоғайлық Кәрім, екпінділік Мұхамедәлі, жаңатұрмыстық Сәрсенбай, Аман және Ахмет, Абибулла деген кісілерді  тәрбиелеп, білім нұрымен сусындатады. 

Айта кетейік, бүгінгі күні аталған шәкірттердің бала-шағалары Шиелі өңірінде имамдық қызметті атқарып келе жатқандары да бар.
Қожа руынан шыққан Әбдіқайым парсы, орыс, араб тілдерін жақсі білген. Пердауси, Хафиз, Сағди поэзиясынан үзінділер оқып, оны оңай аударып отыратын дейді көз көргендер. Ғұмырдариясы білім алумен, шәкірт тәрбиелеумен өткен Әбдіхайым ишан 1967 жылы 73 жасында өмірден озды. 

Бұл кісі туралы Оразбек Сәрсенбаев кітабынан кездестіруімізге болады. Оразбек ағаның өз аузынан айтқаны «Бұл кісі әлі де тереңірек білім алғанда осы жерде «академик» болар еді» деген екен.
24 мамыр 2023 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930