Бекболат Әукенұлы: Шығармашылыққа жақын болғаныммен өнер жолына бірден келген жоқпын
21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл күн – өнерді сүйетін жандар үшін айтулы дата. Әсіресе, Сыр елінің саңлақтары осы күнді жыл сайын дәстүрден жаңылмай тойлап, өз деңгейінде атап өтеді. Өнер демекші, шежірелі Шиелінің өзінде туған жердің атын шығарып, өзгелерді өнерімен тәнті етіп жүрген небір талантты, дарынды жастар көп-ақ. Солардың бірі – Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі, театр және өнер актеры, әнші, асаба Бекболат Әукенұлы. Біз де өзін өнерден тапқан өнерпазбен сұхбаттасып көрдік.
– Бекболат, ең әуелі өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.
– Сәлеметсіз бе! Бала күнімнен шығармашылыққа жақын болдым. Өнерге деген махаббат мені сол жолға алып келді. Өзім қалаған мамандық бойынша Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдадым. Қазіргі таңда мәдениет саласында қызмет етіп, елге өз үлесімді қосып жүрген жайым бар. Бір сөзбен айтқанда, аудандағы өнер мектептерінің бірінде жас өнерпаздарға сабақ беремін. Бұдан бөлек, асаба болып той басқарамын.
– «Тектілік – қаннан берілетін қасиет». Осы тәмсілді негізге алар болсақ, сіздің де өнеріңіздің ұрпақтан ұрпаққа берілгендігін байқаймыз. Өйткені халық сізді қиын-қыстау замандарда ауданда алғашқылардың бірі болып асабалық қызмет атқарған, өнер майталманы, мәдениет саласына өзіндік үлес қосқан Әукен Әбілұлының ұлы деп біледі. Бұл қаншалықты рас?
– «Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөздің растығына тағы да көзім жетіп отыр. Иә, мен Әукен Әбілұлының баласымын. Әкем марқұм өмірінің соңына дейін өнерді жанымен сүйіп өткен жан болды. Асабалық жол – маған осы кісі арқылы берілген қасиет. Алайда қазір дамыған технологияның заманы болғандықтан, бізге той басқарудың аса қатты ауырлығы сезілмейді. Ал менің әкем адам аяғы бас¬пайтын алыс ауылдардың өзіне ауыр-ауыр музыкалық аппараттарды алып барып той басқаратын. Оны көтеріп жүрудің өзі бір бейнет еді. Сондай бейнет көрген, елге сыйлы, көпке үлгі бола білген адамның ұлы болу – мен үшін мақтаныш һәм үлкен жауапкершілік.
– Өнер жолына қалай келдіңіз? Жалпы тәмамдаған мамандығыңыз бойынша жұмыс істеп немесе актерлық шеберлігіңізді шыңдап көрдіңіз бе?
– Жалпы мен шығармашылыққа жақын болғаныммен өнер жолына бірден келген жоқпын. Мектепті аяқтаған соң, ең бірінші Шиелі индустриалды-аграрлық колледжіне оқуға түстім. Оқуды бітіргеннен кейін Отан алдындағы борышымды өтеу үшін әскерге барып келдім. Міне, содан соң барып қана өзім қалаған мамандыққа грантқа түстім. Бірінші курстан кейін-ақ мен көзге түсе бас¬тадым. Сөйтіп жүріп сериалдарға түстім. Бірінші курсты тәмамдауға сәл қалғанда бір айға жуық уақыт сабаққа бармай қалғаным есімде. Сабаққа баруды қойып, алаңсыз түсірілім алаңында жүретінмін. Ол аралықта мен «Өмір өзен» атты телесериалда басты рөлді сомдадым. Емтихан басталар уақытта оқытушымыз «Сен киноңа түс немесе оқуыңды оқы» деген соң, білім алуды ойлап, оқуымды әрі қарай жалғастырдым. Ал оқуды аяқтаған соң «Замандастар», «Өткінші жаңбыр» сияқты біршама киноларға түстім. Одан кейін ауданның мәртебесін асыру үшін, туған жерге келіп туымды тіктім. Қазіргі таңда өнер жолына түскісі келген жас өрендерге тәлім беріп, ұстаз әрі асаба болып жүрген жайым бар.
– Енді әңгіменің ауанын той бизнеске қарай ойыстырсақ. Өзіңіз асабалықты қай кезден бастап қолға алдыңыз? Біле білсек, бұл да бір үлкен өнер. Сіз мұнымен келісесіз бе?
– Асаба болып жүргеніме біраз жыл болды. Заманауи тілмен айтқанда көп адамдар асабалықты «Халтура» деп ойлайды. Мен мұнымен келіспеймін. Себебі бұл іс – кез келген адамның қолынан келе бермейтін абыройлы қызмет. 300-400 адамның алдына шығып сөз сөйлеп, 3-4 сағат бойы той басқару оңай емес. Әрине, бірден бәріне ұнау мүмкін болмасы анық. 70 процент халықтың көңілінен шықсаң да, еңбегіңнің ақталғаны. Ең бастысы қандай сала, қай іс болмасын, нәпақаны адал жолмен табу керек деп ойлаймын.
– Асабалық өнерді өзіңіз үйрендіңіз бе әлде ұстазыңыз бар ма?
– Өте орынды сұрақ. Жалпы жоғарыда айтқанымдай, асабалық әкемнен берілген қасиет. Бірақ қанда бар екен деп, екінің бірі өнерлі болып кетпейтіні анық емес пе? Менің ойымша, оған да 1 процент дарын, 99 процент еңбек керек. Мен де осы жолға келу үшін ұзақ жылдар бойы тер төктім деп ойлаймын. Ал асабалықты өзім үйренген жоқпын. Бұл жолға келуіме ұстазым Самат Сейтенов себепкер болды. Сол үшін де мен оған қарыздармын. Ол маған асабалықтың қыр-сырын ғана емес, өмір жолында біраз нәрсені үйретті. Бүгінде қандай да бір жетістікке жетіп, ел алғысын алып жатсам, ұстазымның арқасы деп білемін. Ол мен үшін – өз саласының нағыз майталманы.
– «Той – қазақтың қазынасы» дейді халық. Бұған не дейсіз?
– Орынды айтылған тәмсіл. Алайда солай екен деп той үшін қатты шығындалған да дұрыс емес. Бәрі адалынан болғаны ләзім. Қуаныштың көбейгені жақсы, әрине. Дегенмен, біз қазақ – шашылғанға шеберміз. Өзім асаба болсам да, орнымен той жасағанды құп көремін. Неге олай дейсіз ғой? Өйткені осы салада жүрген соң небір тойды басқарамыз. Керек десеңіз, қазір оны пайда үшін жасайтындар көбейген. Өздеріңіз білетіндей, тойға келу үшін жоқ дегенде бес мың теңгені қалтаға салып келу керек. Ал ұятты басты орынға қоятын халқымыз олай етсін бе? Жоқ, әрине. Кем дегенде он мың теңгенің шетін шығарып келеді. Ал той иелері 4-5 мың теңгені дастарқанымен той жасап, думандатады. Қарап тұрсаңыз, барып тұрған пайда. Шиелі халқы да тойды шамадан тыс, өте көп жасайды. Мен бір жылда бір әулеттің бес тойын басқарғаным есімде. Той иелері туылса да, басқа қылса да той жасай берген. Бұл да пайданың бір түрі емес пе?
– Құпия болмаса, бір той басқарғаныңыз үшін қанша теңге аласыз? Еліміздің басқа да өңірлеріне асаба болып барасыз ба?
– Оның құпия ештеңесі жоқ. Еліміздің басқа қалаларына асаба болып барамын. Ол жақтағы баға әртүрлі. Ал Шиеліде бәрі қолжетімді. Нақтырақ айтар болсам, Шиелідегі асабалардың барлығы бір той басқарғаны үшін 30 мың теңгеден бастап, 70 мың теңгеге дейін ғана алады. Бұл басқа жақпен салыстырғанда әлдеқайда арзан.
– Жасыратыны жоқ, қазір тойдың да құты қашып бара жатыр. Оған дәлел– тойда көрсетілетін неше түрлі шоулар мен ойындар. Тіпті, халық кейде тойда емес, түнгі клубта жүргендей боламыз дейді. Бұл нәрсеге көзқарасыңыз қалай?
– Дұрыс айтасыз. Қазір бұрынғыдай той жоқтың қасы. Кейбір адамдар тойға келгенде тіпті асабаны тыңдамай, телефон ұстап отырады. Бұл – асабаның әлсіздігі десек те, тойға қонақ болып келгендердің өзі кейде мәдениетсіздік танытып, жатады. Тілек айтып жатқанда ішіп алып боқтайтындары да, ашық-шашық билейтіндері де табылады. Неше түрлі сұмдықты көріп жүрміз. Бір жағынан той басқаратындардың өзі кейде өрескел қателіктер жіберіп жатады. Мәселен, ұятты сұрақтар қояды, керек десеңіз, қонақтарды неше түрлі ойынға шығаратындары да табылады. Бірақ біз тойды барынша көңілді, жағымды етіп өткізуге тырысамыз. Осы жолдан нәпақамды тауып отырған соң, ештеңе айта алмайын. Ең бастысы, ешкімнің көңіліне тиіп, артық қыламыз деп, тыртық қылып алмасақ болғаны.
– Неліктен өз мамандығын бітірген әншілер, әртістер той саласына қарай бағыт алады? Әлде мәдениет саласының жалақысы көңіл көншітпей ме?
– Мәдениет саласында жалақының аз екені жасырын емес. Бірақ қазір екі кеменің басын қатар алып жүретін заман. Сондықтан да болар, көптеген өнер адамдары әншілік пен асабалықты екінші жұмыс ретінде алып жүреді. Мәселен, менің өнерде бірге оқыған достарымның жалақысы – 60 мың мен 100 мың теңге аралығында. Бұл қаражат әрине, ештеңеге жетпейді. Сол үшін олар қолдарынан келгенді істеп, тырбанып еңбектенеді. Мен де оны құп көремін. Өнерді де тастап, бірыңғай шоу бизнеске, немесе той бизнеске кетіп қалу да дұрыс емес. Қашан да тепе-теңдік қажет. Қуанышымызға орай, жуық арада мәденит министрлігі мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын жоғарылататын болыпты. Бұл жаңалық – біз үшін қуаныш. Өйткені, жалақымыз көбейсе, біз де той саласын басты орынға қоймай, еліміздің мәдениетін өркендетуге атсалысар едік!
– Сұхбатыңызға рақмет!