Шиелінің шыңға шыққан шынары
Даңқты Шиелінің гүлденуіне тынбай еңбек еткен ардақты аналардың қатарында Перуза Жүсіпқызы да бар. Оның бейнетке толы тағдыры том-том кітап жазуға жетерлік. Қоғам қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер болған әжемнің бетіндегі әрбір әжімінен еңбекке толы жолдарды көретінмін...
Бала күні жетімдікпен өткен П.Жүсіпқызы жастық шағында немере ағасы, ақын Н.Бекежановтың тәрбиесін алады.Сол кісінің қолында жүріп, 1942 жылы педучилищені тәмамдайды. Сонымен қатар Нүрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділдә Тәжібаев сынды қазақ зиялыларын көріп,өмірге деген құлшынысы арта түседі. Оқуды бітірген соң «Күрішші», «Социалистік Еңбек», «Социалистік Шәуілдір» сынды газеттерде жұмыс жасаған. Сонымен қатар даңқты диқан,рекорд жасап, Социалистік Еңбек Ері атанған Ы.Жақаевтың «Ақ күріштің атасы» атануына, «Ыбырай түбегіндегі» күрішті алқаптың жайқала өсуіне куә болған. Облыс көлемінде, аудан тарихында елеулі оқиғалар қатарында саналатын «Шиелі каналының» қалай қазылғандығы жайлы мәліметтерді қағаз бетіне түсірген жан осы Перуза Жүсіпқызы. Әжемнің еңбекке деген құштарлығы, қайсарлығы өмірден өткенше үздіксіз қозғалыс үстінде жүретін еңбекқорлығы бізге үлгі болып қала бермек.
Оның ерекше бейнесі,ер мінезі мен мейірімге толы жанарынан жігер көріп,бастаған істі аяқсыз қалдырмауды үйрендік.Туған жерге тамшыдай болса да өз үлесіңді тигізіп,өсіп-өркендеуіне атсалысу керектігін де Перуза әжеміздің ұстанымынан байқадық. Оның Нартай Бекежановтың мұраларын жинап, көзінің қарашығындай сақтағаны аңыз болып айтылады. Перуза Жүсіпқызының бастамасымен құрылған аудандық «Жас дәурен» ән-би ансамблі тек облыс емес, республика көлемінде де танымал болды. Сол кездегі аудан көлеміндегі экономика, мәдениет, денсаулық, құрылыс саласындағы қызу жұмыстарға да әжемнің үлесі зор болатын. Менің емес,елдің анасы,кейінгі ұрпақтың ардақты әжесі атануы қажырлы еңбектің арқасы. Қысылтаяң заманда әйел заты болса да ер азамат істей алмайтын небір жұмыстарды еңсеріп,басқа түскен ауыртпалықты бірге көтерген абзал аналардың есімі ұлықталып,ұрпақ жадында қалып жатса ол да бір рухани жаңғырғанымыздың көрінісі емес пе?
Тарихта есімдері алтын әріптермен жазылып,еңбектің нағыз адамы деп ұрпаққа дәріптеуге де болады. Бұл кісілердің өмірінде сол кезеңдердегі тұрмыс-тіршіліктің көрінісі, нақ тарихтың өзі жатыр. Біздің болашығымыз жарқын, келешегіміз кемел болуы үшін аянбай тер төгіп түрлі жетістіктерге де жетті.
Шиелінің шынарындай шыдамды болған Перуза Жүсіпқызын елі құрметтеп,абырой биігіне көтерді. Осының бәрі саналы ғұмыры мен өнегеге толы өміріндегі өлшеусіз еңбегінің жемісі.
Биыл Шиелі ауданының 95 жылдығы Перуза Жүсіпқызының 100 жасқа толуымен тұспа-тұс келгенін мақтанышпен айта аламын.