Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер қағидасы

Кәсіпкерлер қағидасы

Кәсіпкерлердің күшімен, қолдауымен ауданымызда түрлі игі істер атқарылуда. Осы тірліктерімен олардың әрқайсысы туған жерінің патриоты, жанашыры екендіктерін таныта түсуде. Міне, оларға қолдау көрсету, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы ретіндегі кәсіпкердің ұнамды бейнесін қалыптастыру мақсатында «Жылдың үздік кәсіпкері» жеңімпазын марапаттаудан басқа номинация белгілеп, жүлде тағайындау керек секілді.
Мысалы, «Жыл жаңалығы», «PR және маркетинг», «Өндіріс саласы», «Әйел кәсіпкер», «ІТ жоба», «Әлеуметтік жауапты кәсіпкер», «Тауар және қызмет саласы», «Үздік стартап» Осындай қолдаулар болса, отандық экономиканы дамытуға үлес қосатын белсенді жастар көбейеді. Бұл олардың кезінде осындай игі істер атқарғандығының жанды дәлелі де бола алар еді.
Мұндай жобаларға қатысудың өзі жастар үшін өзін-өзі дамыту мен жетілдіруге, азаматтығын, белсенділігін арттыруға серпін бе­руімен де маңызды. Болашақ қазақстандықтардың қасиеттерін анықтап беретін жақсы өмірлік формула бар. Оны Елбасы ұсынған: Тұлға болу, өз ісінің кәсіби шебері болу, патриот болу және өз Ота­­нын да шексіз сүю». Әрбір жас өз Отанының тағдырына және болашағына деген жауапкершілігін сезіне отырып, бұл қағиданы, формуланы қолдана білгені дұрыс.

Алтай АЙЫП.
24 сәуір 2018 ж. 871 0