Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баршаның өмірі қалай ғажайыпқа айналды?

Баршаның өмірі қалай ғажайыпқа айналды?

Өмір – адам баласына бір рет қана берілетін мүмкіндік. Қай жолмен жүресің, қандай бағыт таңдайсың пенденің өзіне ғана аян. Дегенмен біздің еркімізден тыс жағдайлар да кездесіп жатады. Кейде өмірде кездесетін түрлі ситуацияларға шыдамай, өзімізді тастап жіберуіміз де мүмкін. Бірақ алдымыздан періште кейпіндегі адам жолықса, тығырықтан жол табылатын сәттер де болады. Сондықтан Мұқағалиша айтқанда, құласақ, қайта тұрып, жүгіруге әркімнің де қақысы бар.

Иә, бұл мақалаға арқау болған негізгі кейіпкер өзім. Есімім Барша. Өмірге деген көзқарасым қалай өзгергені жайлы ағымнан жарылмақшымын. Бастауыш сынып оқитын кезімде аяғыма оқ тиді. Содан қанша уақыт емін іздедік. Дәрігерлер дұрыс диогноз қоймады. Тумысыман біртоға қыз болған Барша үшін, бұл ауыр соққы болды. Одан сайын тұйықталып, өзіммен-өзім жүретін болдым. «Менің қолымнан ештеңе келмейді, мен ешкім емеспін» деген тынымсыз жаман ойлар үнемі мазалайтын. Содан уақыт зымырап өте берді. Бір күні мектепте психолог оқушылардан тест алды. Мен де өз кезегімде қатардағы оқушылар сияқты барлық сұрақтарға жауап қаттым. Ойымдағы негативті қағаз бетіне түсірдім. Психолог апай барынша менімен ашық сөйлесуге, өзіме деген сенімділікті арттыруға, Алладан күдер үзбей, тек алға ұмтылу керектігін маған жіті түсіндірді. Менімен барынша жақын болғанының нәтижесінде, ішімдегі бүкпесіз ақтарып, ойын дөп басып айта алатын жарқын қызға айналдым. Әрине анам да өз кезеңінде маған мотивация беріп, барынша қолдады. Артық салмақтан да арылып, денсаулық жағымды да еш уайымдамайтын болдым, сабақ үлгерімім де едәуір жақсарды. Қазір мектептегі белсенді оқушылардың қатарынанмын. Иә, түсінгенім өмірде ештеңеден күдер үзбеу керек екен. Әуелі Аллаға, анама, психолог апайға шын жүректен алғыс айтамын. Мен сияқты өз жолын, бағытын таппай жүрген қатарластарым болса, менің мақалам өзіндік үлесін қосса, қуанышты болар едім. Барша Бурахан, №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы
06 сәуір 2023 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930