Өмір – қысқа, уақыт – құнды
«Время» атты америкалық фильмді көргендеріңіз бар ма? Фильмде уақыттың ақшаға айналғанын және кейіпкерлердің әр сағат, әр күн, әр минут және секунд өмір үшін күрескені баяндалады. Осы тұста мынадай тұжырымға келуге болады: ақшасыз өмір сүру мүмкін болғанымен уақытты ұстап тұра алмайсың. Демек, уақытты сатып алу, уақыт көлігімен өткенге, болашаққа саяхаттау тек фильмдерде. Уақыт – біздің өмір. Ал өмірде фильмдегідей қайта дубль жасауға мүмкіндік берілмейді.
Мына бір таңғажайып дүниеде барлық тірі зат атаулысының сұрауы бар, құны бар, шегі бар. Жаратылып дүниеге келдің бе, демек сол сәттен бастап тағдырың өз мойныңда. Ал тағдырдың тартуын көру үшін, уақыттың қадірін білген жөн. «Уақыт – әр адамның еншісіне бұйырған әрі зая кетіре алмайтын жалғыз капитал», дейді Томас Эдиссон. Расында, уақыт – бағалы сый. Сарқылмас қазына һәм қайтарымсыз алтын жақұт. Осы тұрғыда А.Суворовтың «Ақша қымбат, адам өмірі одан қымбат, ал уақыт бәрінен қымбат» деген сөзі еске түседі. Зымырап жатқан уақыттың қадірін түсініп, әрекет етудеміз бе? Күн сайын өз игілігімізге жұмсап жатырмыз ба? Егер сұрақ жауабы «жоққа» әкеліп тіресе, онда сіздің заман ағымынан қалып бара жатқаныңыз. Неге ұлы ғұламалар, шешендер, көсемдер, билер тіптен ата-әжелеріміз уақыт жайлы әркез ой өрбітіп, келешек ұрпаққа өсиет қалдырған? Өйткені уақыт, өзін әрдайым бәріне төреші екенін дәлелдей түсті.

Ал, әр ғасырдың бай адамдары табысқа қол жеткізгенін қалай баяндады? Барлық іскердің сондағы айтқаны бір: «Өмір қысқа, уақыт – құнды. Таңды жақсы көңіл-күймен бастап, кешіңді рақмет айтумен аяқта. Ештеңе білмей өткен уақыт өлген уақыт». Бұдан түйетініміз: уақытты бастамай жатып, жоғалтып алмау керек. Екінші, жадымызға түю керек нәрсе, қайтарылмайтын үш заттың бары. Ол: уақыт, сөз, мүмкіндік. Ұлы Абай Құнанбайұлы кезінде:
«Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман», – дегені бар. Қанатты сөз міне осыда.
А.Асанов