Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас мүфти TikTok-та қате уағыз айтатын имамдарға ескерту жасады

Бас мүфти TikTok-та қате уағыз айтатын имамдарға ескерту жасады



Әлеуметтік желіде халықтың сұрақтарына жауап беріп отыратын дін қызметкерлері туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты.

«Қазір TikTok-та тікелей эфирде отыратын имамдар танымал. Кейде қиыс кетіп жатса, бірін-бірі түзеп жатады. Осы ұстаздардың бәрін діни басқарма бақылай ма?» , деп сұрады жүргізуші.
«Қазір білікті ұстаздарымыз, ғалымдарымыз көбейіп келеді. Кейде иә, шатасып та жатады. Бірақ шариғатта бұл шатасуға болады деген сөз емес. Осыны ұмытпау керек. Діни басқарма әр кезде де мұны имамдарға, ұстаздарға ескертіп отырады. «Байқаңыздар, асығыстық жасамаңыздар, білетін дүниені айтыңыздар. Білмейтін болсаңыз, кейінге қалдырып, анықтап барып айтыңыздар» деп ескертіп отырамыз. Халыққа Алланың Құранын қате айтсақ, ол Құдайдың аманатына қиянат қылғанымыз. Пайғамбар сүннетін де қате айтпау керек. Ең дұрысы – білмегеніңді білмеймін, анықтап, кейін айтып берейін деу», деп айтты Наурызбай Тағанұлы.
Оның сөзінше, имамдар діни басқармаға шақырылып, оларға насихат жүргізіледі.
27 наурыз 2023 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930