Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мешіттерде жиналған пітір садақа қайда жұмсалады – Бас мүфти жауап берді

Мешіттерде жиналған пітір садақа қайда жұмсалады – Бас мүфти жауап берді


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пітір садақадан мешіттерге жиналған ақша қайда жұмсалатынын түсіндірді.


"Жалпы пітір садақасы әр мешітке жеке-жеке түседі. Бір жерге ғана түспейді ғой. Қазақстанда қазір 2700-ден астам мешіт бар. Тұрғындар өздері тұрып жатқан жердегі мешіттерге жеке-жеке береді. Әрине, бір қалаға немесе мешітке қатысты мәлімет керек болса, оның есебін көруге болады және сұраған адамдарға беруге де болады. Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы айтып кеткендей, түкен садақалар жыл бойы мұқтаж жандарға беріліп отырады", - деді Бас мүфти БАҚ кіөілінің сауалына берген жауабында.
Сондай-ақ ол мешіттен көмек сұрап келген адамға жәрдем берілмейтін жайттар сирек кездесетінін, оның өзі қаржылық мүмкіндіктермен ғана байланысты екенін айтты.
"Әрине кей кезде жағдайлар болуы мүмкін. Кей мешіттерде мүмкіндігі болмай, қаражат мәселесі болуы мүмкін. Бірақ бұл өте аз. Өйткені біздегі әр мешіттің тізімі бар. Бір ауылдың мешіті болса, сол ауылдағы жағдайы төмен отбасылардың тізімі мешітте сақталады. Оларға уақтылы көмектер беріліп тұрады", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
20 наурыз 2023 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031