Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ – МӘДЕНИЕТТІҢ БӨЛШЕГІ

ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ – МӘДЕНИЕТТІҢ БӨЛШЕГІ

Тіл – ұлттың бүгіні мен болашағы, халықтың тұтас кескін-келбеті. Ал осы құндылықтың аясын кеңейтіп, дамыта түсудің басты шарты – тіл тазалығын сақтау. Аталған маңызды мәселені жүзеге асырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жолына еліміздің әр азаматы үлес қосуға тиіс.
Бауыржан Момышұлы өз заманында даналықтан құралған қазыналы қазақ тілі турасында «Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жадыратып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгілі жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл» деген болатын. Сөзге бай, әуезі көркем қазақ тілінің дәрежесін бүгінде әлем ғалымдары да мойындап үлгерген. Дегенмен, күнделікті өмірде тіл нормасының өрескел өзгерістерге ұшырап, қазақы тілдің қойыртпақталып бара жатқанының куәсі болып жүргеніміз жасырын емес. Бұған түрлі тілдердің бір-біріне ықпал етуі, ауызекі тілде орынсыз жұмсалатын бұрыннан естіп, сіңісті болып кеткен орыс сөздерінің жиі қолданылуы себеп болып отыр. Мүмкін осының салдарынан шығар, тілімізде «шала қазақ» деген ұғым да пайда болды. Мұның барлығы тіл тазалығына бейжай қараудан басталса керек.
Тіл тазалығын сақтау, ең әуелі күнделікті қолданатын сөйлемдерге еніп бара жатқан «паразит» сөздерден арылып, сауатты жазумен, әуезді сөйлеумен өлшенеді. Бұл үшін мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін көтеріп, маңызын арттыру мақсатында шаралар ұйымдастырып, тіл заңдылықтарына қайшы келмейтін мәселелерді ескеру қажет. Ең ­бастысы, тіл тазалығы үшін күрес тілдің мәдениеті үшін де күрес екенін ұмытпайық. Сондықтан тіл тазалығын сақтау күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналуға тиіс.

Ақылбек Асанов,
Бәйгеқұм ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны
27 наурыз 2023 ж. 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9238)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (9237)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30