ЕСІМ ҚОЯРДА САҚ БОЛЫҢЫЗ
Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірде ботасы өлген інгеннен сүт шығармаққа маңайындағы жұртты жинайды. Топтала отырған адамдардың шетінен бастап тұрғызып, кімнің інгенді сауа алатынын сұрай бастайды Алла елшісі. Бірінші тұрған кісіден есімін сұрағанда ол Мурра яғни «Ащы» деп жауап береді. Пайғамбарымыз оның есімін естіп, оған орнына отыруын өтінеді. Екінші мәрте «Інгенді кім иідіреді» деп сұрағанда тағы бір кісі орнынан тұрады. Алла елшісі оның есімін сұрағанда ол Харб яғни «соғысып өтуші» деп жауап береді. Расулалла оған да отыруын бұйырады. Тағы қайыра «Інгенді кім сауады деп» және сұрағанда бір кісі орнынан тұрады. Алла елшісі оның да есімін сұрайды. Ол Яиш яғни «өмір сүрсін» деп жауап қатады. Сонда ғана Алла елшісі оған түйені сауғызады. Ботасын іздеп боздаған түйе Алланың әмірімен осы кісінің саусағына иіген екен дейді. Түйер түйін, сәбиге есім қоярда қойылар есімнің мағынасын толық біліп, ол есімнің жақсылыққа жақын екенін білген жөн.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда сәбиге есім қою бір сәнге айналды. Қала берді ол қойылған есімдердің бұзылып айтылатыны тағы бар. Мәселен, Гүлнар деген есімді жұрт өзінше «Гүлнара» дейді. Ал Жанарды «Жанара» деп, мағыналы аттың артына әріп қосып айтып жүр. Әуезді әрі заманауи қылам деп, тым әсірелеп жібергенге ұқсаймыз, ә. Соңына «а» әрпін қосып айту – орыстардан енген үрдіс. Мысалы, орыс ұлтында еркегінің есімі – Александр болса, қызының есімі – Александра болады. «А» әріпі арқылы оның жынысы анықталып тұр. Евгений болса Евгения, Василий болса Василиса.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда сәбиге есім қою бір сәнге айналды. Қала берді ол қойылған есімдердің бұзылып айтылатыны тағы бар. Мәселен, Гүлнар деген есімді жұрт өзінше «Гүлнара» дейді. Ал Жанарды «Жанара» деп, мағыналы аттың артына әріп қосып айтып жүр. Әуезді әрі заманауи қылам деп, тым әсірелеп жібергенге ұқсаймыз, ә. Соңына «а» әрпін қосып айту – орыстардан енген үрдіс. Мысалы, орыс ұлтында еркегінің есімі – Александр болса, қызының есімі – Александра болады. «А» әріпі арқылы оның жынысы анықталып тұр. Евгений болса Евгения, Василий болса Василиса.
Кеңес дәуірінен қалған сызат болар, қазір ол әжептәуір қазақы есімді «псевдоним» яғни, лақап атпен шұбарлауға құмармыз. Және ол қазақша болса бір сәрі. Қалдыбекті «Коля» деп, Сәндібекті «Саня» деп жүрміз әлі. Бұл есімдердің арамызда кездесері жасырын емес қой?! Бұл қай атамыздан берілген жорамал былайғы айтып жүрген жұрттың өзі де білмейді. Бәлки, ол уақытта орыс халқына ұқсау сән болды ма, кім білсін? Сонда сән қуам деп салтымыздан секіргеніміз қаншалықты орынды?
Сонау ықылым заманнан бері мүдірмей мөрленген түсінік бар. Ол – балаңа қандай есім берсең сол есімі оның тағдырына айналатындығы. Өткенге шегініс жасасақ, жаугершілік заманда ұл мен қыздың есімдері мұңлы не қаһарлы, айбат танытатындай болған. Мысалы, Ерасылдың Қабанбай атануы, Әбілмансұрдың Абылай аталуы жауға қалқан қылған елдің айбары еді. Тіпті қыз балаға Қарлыға, Құртқа есімдерінің берілуі де тектен текке емес. Қазір Құртқа деген есімді естімейміз де. Ілуде біреу болмаса, кезіге қоймасы анық. Құртқа – қасқырдың ұрғашысы, бөлтіріктің шешесі яғни, қасқырлардың анасы. Осыдан-ақ, кемеңгер бабалар сәби есімін сәтімен қоя білгендігін аңғаруға болады. Бір ғана Құртқа аталуымен ол қыз көкжалға жар, бөлтірікке шеше, қасқыр атаулыға ана атанды.
Енді одан беріге түссек, 30-жылдардағы қазақ басына түскен түрлі нәубеттің салдарынан Қисықбай, Жаманбай, Алданқұл, Қиқымбай, Шегірбек деген есімдер келді. Бұндай есімдердің меңдеуіне түрлі ауру мен қисапсыз қырылу себеп болды. Туылған сәбиі шетінен шетіней берген соң, көз тимесін деп «жаман» мен «қисықты» қоса атады. Кейде, көп ауырып өлім аузынан қалған балалардың аты да өзгерген. Оның жорамалы «аты тым ауыр екен» деген. Арабтың тілінде мына аттарды қоймауға шақырады шариғат. «Мәликул әмләк» аудармасы Патшалардың патшасы, немесе «Сұлтану Салатин» аудармасы Сұлтандардың сұлтаны. Бұл тек жалғыз Жаратушыға тән есімдер. Елден ерекше боламын деп, баланы Құдайдың қаһарына ұшыратып қою да ата-ана пешенесіне кінә һәм күнә болып жазылмақ. Егер ұл қызыңды хақ жолында жүрсін, адамға ұл, ал Аллаға құл болсын десең әрқашан алдына Әбду яки Әбді деген жалғау қойған абзал. Бұл аударма Алланың құлы деген мағынаға саяды. Мәселен, Әбдіқадір (Қадірлі құлы Алланың), Әбдіманап (Алланың ақсүйек құлы), Әбдурахман (Алла рақымына бөленген құл). Бұдан бөлек ұлы батырлар мен бектердің атын қою да біздің салтқа тән. Десек те, оның да өз жорамал жосығы бар. Мысалы, танымал батырдың есімін сәбиге бергенде алдымен сол марқұмға арнап Құран бағыштап, құдайысын жасап, содан кейін жеті күн өткен соң азан шақырып сәбиге ат қойған. Және ол атты екінің бірі атамаған. Әсіресе, әйелдер қауымы батыр есімі берілген баланы басқаша атаған. «Кенже бала» егер үйдің кішісі болса, «Еркенже», «Кенжетай» дегендей.
Ал қыздарға есім қою анау айтқандай қиындық тудырды деген тарих жоқ. Дегенмен, көп жерде Пайғамбарымыздың анасының есімі, жарының есімі қойылып жатады. Бұл да өз ретінде дұрыс. Бірақ өз тіліміздің көркемдігін көзімізге көрінген сұлулыққа пайдаланбағанда сүрге сақтаймыз ба? Қазақтың өзінің қарапайым тілінде-ақ түрлі есім бар. Қыз балаға сұлулықты сыңар еткен есімдер ай мен күннің айналасында алдымен. Егер қазақ тілінде қыздың атын Айбарша деп қояр болсаңыз, Айдың қосындысы «барша» жалғауы алтынмен, күмістен безелген матаның атауы. Сонда Айдай сұлу болса оған алтынмен, күмістен күптелген мата жабылса әсемдіктің символы емей немене?! Қазақ дарияға түскен айдың сәулесінен де Айдария деген көркем есім көрген. Расында, сәби есімі сәтті қойылған һәм өз тілінде бұрмалаусыз ашық айтылғанға не жетсін?!
С.МАДИЯРОВА