Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарыздан құтқаратын дұға

Қарыздан құтқаратын дұға



Белгілі сахаба Әбу Саид әл-Худри (р.а.) аталмыш дұғаға қатысты мына бір оқиғаны әңгімелеген:

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаздан тыс уақытта мешітке кіргенінде, ансарлық Әбу Үмәмә атты бір кісінің отырғанын көріп: «Әй, Әбу Үмәмә! Намаздан тыс уақытта мешітте не істеп отырсың?» − деп сұрайды. Ол: «Уа, Алланың елшісі! Қарызға белшеден батып, қатты қиналып отырмын», − деп жауап берді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Саған оқығаныңда уайым-қайғыңды сейілтіп, қарыздарыңнан Алланың Өзі құтқаратын бір дұға үйретейін бе?» − дегенде, Әбу Үмәмә (р.а.): «Әлбетте, уа, Алланың елшісі!», − дейді.

Сонда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған осы дұғаны үйретіп: «Бұл дұғаны таңертең және кешке үзбей оқып тұрғын», − дейді. Кейіннен Әбу Үмәмә: «Мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұйырғанын бұлжытпай орындап жүрдім. Соңында Алла Тағала менің барлық уайым-қайғымды сейілтіп, қарыздарымнан да  толық құтылдым», − деген болатын.


Оқылуы: Аллаһуммә йнни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни уәл-‘ажзи уәл-кәсәли уәл-жубни уәл-бухли уә дал‘йд-дәйни уә ғаләбәтиррижәәли.

Мағынасы: Уа, Аллам, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан,  қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай гөр!

muslim.kz
03 сәуір 2019 ж. 2 071 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930