Ырымға сенуге бола ма ?
Уруа ибн Амир (р.а.): «Бір күні Алла елшісінің (с.ғ.с.) мәжілісінде жақсы-жаман ырымдарға қатысты әңгіме қозғалған еді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ең абзалы – жақсылыққа жору, сондықтан жаман ырым еш уақытта мұсылманды алған бетінен қайтармасын. Қайсыбірің көңіліне жақпайтын қандай да бір нәрсе (құбылыс) көрсе: «Уа, Алла тағалам! Жақсылық атаулының барлығы бір Өзіңнен ғана келеді. Сондай-ақ, жамандық атаулыға бір Өзің ғана тосқауыл бола аласың. Нағыз құдірет Саған ғана тән әрі бізге күш-қуат беретін де бір Өзіңсің», – деп дұға етсін», – деп айтты» – деген (Әбу Дәуіт, тыб 24). Әнас (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Алла қаламаса, жұқпалы ауру да басқаға жұқпайды. Сондай-ақ, құстардың ұшып өткені жамандықтың нышаны емес. Мен жақсы жоралғыны ұнатамын» дегенде жанындағы сахабалары: «Уа, Алланың елшісі! «Жақсы жоралғы» дегенді қалай түсінеміз?» – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жақсы жоралғы дегенім – (жүрекке жылу ұялатып, үміт отын жағатын) жақсы сөз», – деп жауап берді», – деген (Бұхари, тыб 19; Муслим, сәләм 102).
Дереккөз: asylsoz.kz