ӘКЕ – ТІРЕК, АНА – ЖҮРЕК
Қазақ «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын сыйғыза білген. Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ болмайды. Ал ана атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды.
Бір дана «Біз мәпелеп, қиындықтан қорғап, ыстық-суығына өзіміз түсіп жүріп, баламызға қастық жасап жатырмыз. Кейін есейгенде өмірге бейімі жоқ, шыңдалмаған бала қиындыққа тап болса, морт сынады» деген екен. Соны білген аталарымыз жастайынан ерлікке тәрбиелеген. Қызын қырық үйден тыйып, еркелетіп, бар мейірім-махаббатын төгіп өсірсе, ұлын еңбекке шынықтырып, қайратты, батыл етіп тәрбиелеген.

Қазақ қашан да бала тәрбиесін алғашқы орынға қойған халық. Себебі баласы арқылы бүкіл ұрпағын тәрбиелеп жатқанын ұққан. Десе де қазіргідей рухани құндылықтан материалдық құндылықтың басым түскен тұсында бала тәрбиесі де ақсап тұрғаны жасырын емес.
Көпшілік сырттағы жұмысын тындырып, ақша тапқанын отбасындағы міндетім орындалып жатыр деп ойлайды. Олай емес. Әйел болсын, еркек болсын жұмыс істеп, ақша табу жүз міндеттің біреуі ғана. Соны істеп, қалған жауапкершіліктен босай алмайсыз. Мысалы, зайырлы мемлекет ретінде заңнан аттап кетпейміз. Заң алдында мына міндетті орындаймын, мынаны орындамаймын деп жалтара алмайсыз. Сол сияқты отбасында да міндет міндет күйінде қалады. Өйткені қаржылай жағдаймен эмоция қажетін жаба алмайсыз. Кішкентай баланы ақша бар-жоғы қызықтырмайды. Оған әкемен ойнап, жүгірген ұнайды. Оның түсінігі сол. Сіз баламен уақыт өткізуден бас тартсаңыз, ол әке не ана махаббатын сезінбейді. Содан күйгелек, агрессивті, ынжық бала шығады. Демек, алтыға дейін жұмыс істесек, қалған уақытты отбасыға арнау қажет. Ер адам түзде жұмыс істейді деп үйдің жауапкершілігінен босай алмайды. Себебі балаға ақша емес, алдымен әке мен ананың махаббаты қажет. Барлық бала отбасындағы жылулыққа қанып, қазақы тәрбиені көріп өссе, әлсізге жұдырығын ала жөнелетін, жүкесі әлсіз, қатыгез ұл мен ұяттан алшақтаған қыздар азаяр еді.
Мұны №206 мектептің психологы Гүлнұр Төремұратова да растайды.
– Отбасында қарым-қатынас үлкеннен кішіге қарай құрылады. Ата-ана баласымен қалай қарым-қатынас жасаса, баланың жүріс-тұрысы, түсінігі, ойы солай қалыптасады. Ол ата-анаcына бірдеңе айтуға қорықса, демек отбасында қорқыту, үркіту бар. Сол үшін әке-шеше қорқыту факторын пайдаланбағаны жөн. Өйткені бала әртүрлі қателік жасауға құқылы. Ал ата-ананың міндеті – кеткен қателіктен сабақ алып, түзетуді үйрету. Кейін мұндай қайталанбауы үшін шара қолдану. Шара қолдану деген ұрып-соғып, қорқыту емес. Бізде балаға бір нәрсені бес рет айтқаннан гөрі, бір рет айқайлап, ұрып, қорқытқан ыңғайлы. Қайталап жасаса, алдында айтқанын ескертіп, жазалаған қолайлы. Негізі, «бір рет айтқаннан балам неге түсінбеді, дұрыс жеткізе алмадым ба? Тағы бір рет айттым, түсінбеді, бала тілінде сөйлесе алмаған болармын. Балам неге бұлай жасады, маған ренжулі ме?» деп жауапкершілікті өзіне жүктегені дұрыс. Керек болса, дәріс алып, интернетті ақтарып, баламен сөйлесудің, түсіндірудің жолын іздегені жөн. Соны пайдаланып, бала түсінетін деңгейде жеткізу керек. Сол кезде алдынан қандай да бір мәселе шықса, ата-анасымен бөліседі. Балаға сондай сенім беру керек. Қолдайтынын, көмектесетінін жиі айту керек. Бала қаншалықты жиі естісе, емін-еркін, ашық, қарым-қатынас пайда болады. Проблеманы шешкен соң сөйлесіп, талқылау маңызды. Ата-ана мен бала арасындағы диалог түсіністік деңгейінде болғаны дұрыс, – дейді ол.

Қазақта «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, баулыған соң батыр болады» деген мақал бар. Біз әдетте алдыңғы екеуін айтып, үшіншісін білмейді екенбіз. Бұл баланы балапан құстай баулу туралы. Қазақ даласында әсіресе, ер балаларды ерлікке, батырлыққа баулитын әкелер мектебі болған. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген мақал соның айғағы.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ