Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білгенге маржан

Білгенге маржан

Қыздан туған баланы қазақ «жиен» деген. Жиеннің баласы – жиеншар. жиеншардың баласы– дегеншар. Дегеншардың баласы – көгеншар. Көгеншардың баласы – көбеңшар.Көбеңшардың баласы – тебеншар. Тебеншардың баласы – өлеңшар деп аталады екен. Халқымыз жиенді осылайша жеті атаға дейін таратқан. Сегізінші ұрпағын «қаймана» дейді.
Ата тек атаулары: ата, әке.
Бала — ата-ананың перзенті екінші ұрпақ.
Немере — ата-ананың ұлынан туған баласы, атадан санағанда үшінші ұрпақ.
Шөбере — төртінші ұрпақ, немереден туған бала.
Шөпшек — бесінші ұрпақ, шөбереден туған бала.
Немене — алтыншы ұрпақ, шөпшектен туған бала.
Туажат — жетінші ұрпақ, неменеден туған бала.
Жүрежат — сегізінші ұрпақ, туажаттан туған бала.
Жұрағат — тоғызыншы ұрпақ, жүрежаттан туған бала.
Нағашы жұрт –туған ананың әке-шешелерінен бастап, барлық аталас ағайын-туыстары мен үрім-бұтақтары.
Нағашы (ер, әйел) – ананың төркін жұрты. Нағашы – үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырады. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін.
Нағашы жұрттың еркек-әйелдері тиісінше нағашы ата, нағашы аға, нағашы іні, нағашы әже, нағашы апа, нағашы жеңге, нағашы қарындас деп аталады.
Әке-шешенің нағашыларын «түп нағашы» дейді.
Балалығың ұстаса нағашыңа бар,
Жігіттігің ұстаса, қайныңа бар.
Өзі жаман туады, нағашысынан көреді.
Нағашы – бәйтерек, жиен – қотыр тайлақ.
06 тамыз 2020 ж. 1 980 0