ИІС КЕТТІ, БАҒА ӨСТІ
9 жыл бұрын іргесі қаланған «Шиелі-құс» фермасы есіңізде болар. Бірақ өкінішке қарай, аудандағы жалғыз жұмыртқа өндіретін құс фабрикасының ғұмыры ұзақ болмады. Енді бұрынғыдай дүкен сөрелерінен өзімізден өндірілетін құс өнімін кездестірмейміз. Керісінше, сырт жақтан импортталатын жұмыртқа өнімдері самсап тұр. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына кіретін бұл өнімнің бағасы да апшыны қуырады бүгінде.
Өткен жылы жұмыртқа бағасы өңірде 55 теңгеден басталып, құны 100 теңгеге дейін шарықтаған болатын. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр жұмыртқа 20 процентке қымбаттаса, қаңтар айында 30 процентке дейін көтерілген. Сарапшылар бұған тапшылық пен жұмыртқаға маусымдық сұраныстың артуы себеп дейді. Ал биылғы баға қандай? «Күн дыз ете бастап еді, сауда орындары мен дүкен сөрелеріндегі жұмыртқа бағасы 55 теңгеден басталып, 60 теңгеге өсті. Кейбір дүкендерде 70-80 теңгеге дейін сатылуда. Жаз айларында 30 теңгеге сатып алып жүрген жұмыртқаның бағасы жылдам өзгеріп шыға келді. Тұқымның бағасы тағы қымбаттап, «қалтамызға салмақ түседі ме деп алаңдаймыз» дейді аудан тұрғындары.

Құс өсіру – агроөнеркәсіптік кешендегі қиын салалардың қатарында. Оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп те жатыр. Мәселен, фабрикаларға бір жұмыртқа өндіргені үшін 3 теңге субсидия беріледі екен. Бірінші санаттағы жұмыртқаның 10 данасы кәсіпорындардан 420-440 теңгеден босатылады. Олай болса, сауда сөрелеріндегі баға неге 670 теңге? Бұл баға қайдан шықты? Фабрикалар өнімділікті арттыру үшін әкімдіктер не істеп жатыр? «Шиелі-құс» фабрикасының жұмысы тоқтап қалған соң, жергілікті өнім болмай қалды. Сондықтан бұл бағытқа мейлінше инвесторлар тарту керек сыңайлы. Себебі қандай да бір өнім түрінің бағасы тұрақты әрі арзан болуын қаласақ, оны өзіміз мол көлемде өндіруіміз қажет. «Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 түрі бақылауда» екендігін айтады мамандар. Бірақ сол бақылау көрінбейді...
2016 жылы небәрі 10 мың бас құспен ашылған ферманың алғашында жұмысы жанданды. Араға бір жыл салып, олардың санын 20 мыңға жетіп, күніне 18-19 мың дана жұмыртқа өндіретін-ді. Алайда субсидияның салдарынан жұмыс тұралап, жабылып қалды. Оған тұрғындардың наразылығын қосыңыз. Оның себебі айтпаса да, ұғынықты болар. Осындай қымбатшылық кезеңде, өзіміздің емес, өзгенің өніміне қалта қағылды.
Осыған байланысты «Шиелі-құс» фермасының қожайыны Насыр Мырзабековке байланысқа шықтық. Кәсіпкердің айтуынша, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және жергілікті әкімдіктің қолдауымен алдағы уақытта жұмыс қайта жанданбақ.
Сұлушаш МАДИЯРОВА