ҰЯТ ҰЙЫҚТАП ҚАЛҒАН БА?
Сағат тілі 15:30 соғып тұр. Мәдениет үйінде болатын кезекті мерекелік шараға баратын болдық. Ал онда бару үшін редакциядан шығып, орталық алаңның бойымен өтетініміз белгілі. Аты айтып тұрғандай, орталық алаң – ауданның ең әдемі һәм адамдардың көп жүретін жері саналады. Мұның айналасында көптеген мекеме мен түрлі орталықтар бар. Одан бөлек, балаларға арналған ойын алаңдары, мектеп пен үйірме ошақтары орналасқан. Бірақ орталық алаңды жастардың көп жүретін жері ме дерсің? Өйткені «Құрметті азаматтар аллеясын» бүгінгілер «жастарға арналған саябақ» санайды. Бұл жерден күндіз-түні мектеп жасындағы оқушылар, қол ұстасқан ғашықтар үзілген емес.
Ал біз жиналыстар мен іс-шараларға немесе мерекелік кештерге бара жатып, орталық алаңның айналасынан мұндай жастарды көп көреміз. Кешкі уақытты былай қойғанда, тал түсте елдің көзінше бір-бірінің қолын ұстап (арғысын айтпай-ақ қояйық) отыратындар да бар. Иә, осы күнге дейін талай іс-әрекеттерге көз жұмып келгеніміз рас. Бірақ бұл жолы қаламымызға салмақ салып, қоғамда болып жатқан осы жағдайды жазып көрмекпіз. Қарапайым дүние көрінгенімен, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ұятты ысырып қойып, елдің көзінше қол ұстасып жүргендері ақылға сыймайды. Қол ұстасу былай тұрсын «бізді көрдіңдер ме?» дегендей дүйім жұрттың алдында бір-бірін жаңа көргендей жап-жақын отырулары жаға ұстатады. Әрине, жастардың елдің көзінше еш қысылмай, емін-еркін ұятты істерге баруы қазір анау айтқандай жаңалық емес. Ондайды жиі көретін болғандықтан, етімізде үйрене бастады. Дегенмен, ересек адамдардың емес, мектеп оқушыларының мұндай ерсі әрекетерге баруы – тіпті ұят. Бізді қынжылтатыны да сол.

Орталық алаң демекші, өткен жолы сол жақтан өтіп бара жатып, «Құрметті азаматтар аллеясында» отырған қос ғашықты көзіміз шалды. Қос ғашық болғанда да сұмдық енді. Тапа-тал түсте бір қыз жігіттің алдына отырып алыпты. Құр отырса бір жөн. Әлгі екеу бір-біріне ентелеп өліп барады. Олардың бұл қылықтарын «жақсы көру» деп түсінуге тіпті келмейді. Қарап тұрып жиіркеніп кетесің. Ұятты ұмытқандары соншалықты, әлгілер маңайындағылардың барлығы соларды тамашалап тұрғандарын да аңғармайды. Өздері білсін делік. Бірақ олар ересек адамдар емес, мектеп оқушылары. Ересектердің өзі күндізгі уақытта мұндай әрекетке бармасы анық. Үлкендердің айтуынша, жалғыз аллеяның ішінде емес, әкімшіліктің айналасындағы орындарда күндіз түнді жастар жиылып отырады-мыс. Бұл сөзді жоққа шығарайық десек, оны сіз бен біз де көріп жүрміз.
Иә, бұрынғылар үлкендердің көзінше бір-біріне деген сезімдерін ым-жыммен немесе көз қиықтары арқылы ғана ұқтыратын. Ол кезде жігіт қызға көзін қысса, қыз ұяттан жерге кірер тесік таппай қалатын еді. Ал қазіргілер... Қазіргілер мүлдем басқа. Бүгінде ұялатын қыз да жігіт те саусақпен санарлық. Көзіңді бақырайтып қойып, махаббат туралы тақырыпты еш қысылмай айта беретін болған. Ол ол ма? Әлеуметтік желіге өз ғашығын ашықтан ашық салып, құшақтасып суретке түсіп, түнгі клубта жүре беретіндерге не дерсіз? Хош. Оны да қоя беріңіз. Ел-жұрттың көзінше тал түсте сүйісіп отырғандары ше? Мұны жайдан жай қоя беруге бола ма? Әлде бәріміз байқамағандай көз жұма саламыз ба?
Бұрын аналарымыз «жігіттің қолын ұстасаң жүкті болып қаласың» деп айтатын. Ал біз сол сөзге сенетінбіз. Сенбеске лаж жоқ. Себебі ол кезде баланың қалай пайда болатыны, қайдан шығатыны көп жастарға қараңғы еді. Сондықтан жігіттің қолын ұстағандарды «жүкті» деп ойлайтын едік. Тіпті «айгөлек-ау айгөлек, бізден сізге кім керек?» ойынын ойнауға қорқатын ақымақ, аңғал бала болыппыз. Ал қазір ақымақ баланы тауып көріңіз. Оларға «Жігіттің қолын ұстасаң аяғың ауыр болып қалады» деп айтып көріңізші. Сескенбек түгілі, алдыңда сірейіп тұрып алады. Тіпті 12-13 жастағы жас қыздардың өзі бәрін біледі. Олар үшін теледидардағы ұятты эпизодтарды көру түк те ұят емес. Жігітпен жүру де жастар арасында мақтаныш болғалы қашан?
Рас. Бұрынғы мен қазіргі заманды салыстыруға болмайды. Уақыт өткен сайын тәрбие де түсінік те өзгереді. Мәселен, баяғыларды үлкендер тәрбиелеген. Қазіргі күннің өзінде тәрбие беретін ата-әжелер жоқ емес. Алайда, аз. Керісінше, бүгінгілерді қолдағы телефон тәрбиелеп жатыр. Соның салдарынан көптеген жастардың сана сезімі өзгерді. Түсінік төмендеп, ұяттың ауылы алысталды. Әлеуметтік желіде де барлығы ашықтан ашық көрсетіле беретін болды. Жыныстық сауат беретін мамандар да көбейді. Бір сөзбен айтқанда, мұндай әңгімелер айту, желіден жастардың қарым-қатынасын көру қалыпты жағдайға айналып кетті. Сонда мұның бәріне кім кінәлі? Бүйте берсек не болмақпыз? Онсыз да ұсақталып бара жатқан ұлтымыздың ертеңі не болмақ?
Сымбат СҰЛТАН