Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЕМЕКІ ТАРТҚАНЫҢ – САУЛЫҒЫҢДЫ ҚҰРТҚАНЫҢ

ТЕМЕКІ ТАРТҚАНЫҢ – САУЛЫҒЫҢДЫ ҚҰРТҚАНЫҢ

Темекі шегу – дүниежүзі ғалымдарын алаңдатып отырған дерттің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сенсек, жер бетіндегі еркектердің тең жартысы, әйелдердің төрттен бірі темекі тартады. Көптеген аурулардың дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылатын темекі түтінінен жылына 7 миллионнан аса адам көз жұмады екен. Оның 900 000-ға жуығы темекі тартпаса да, қасында жүргендер дейді статистика.
Орыстың белгілі фармакологы И.Догель «Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық» деген екен. Иә, адам туғанынан темекі түтініне тәуелді болмайды. Тіпті алғашқы уақытта шылымның түтініне тұншығып, бас айналып, жүрек лоқсып, қақалып, ағза қарсылық танытады. Бірақ сонда да қазіргі жастардың темекіге деген тәуелділігінің тыйылмай тұрғандығы көңіл қынжылтады.
Дәрігерлердің айтуынша, темекі тастаған адамның 24 сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды. Екі күннен кейін дәм мен иіс сезуі темекі шекпейтін адаммен теңеседі, 3 күннен кейін тыныс алуы қалыпты жағдайға жетеді, 3 айда өкпе әдеттегіден 30 процент жақсырақ жұмыс істесе, 1 жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 процентке төмендеп, 10 жылда өкпенің қатерлі ісігіне шалдығу қаупі мүлдем сейіледі және 5 жылдан кейін жүрек соғысы мен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адаммен бірдей болады. Сондықтан 6 ай сайын бағасы Алпамыстай өсетін шылымды тастап, шымыр болуға әлі де кеш емес екен.

Аружан МҰСАЕВА,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінің
1 курс студенті

06 ақпан 2023 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930