Егер темекіні тастасаңыз, ағзаңызда не болады
Темекі түтінінде төрт мыңға жуық химиялық зат болады.
Темекі шегуден бас тартсаңыз, дереу ағзаңызда оң өзгерістер байқалады.Темекі шегу – бүгінде ең жиі кездесетін зиянды әдеттердің бірі. Темекіге құмарлық адамға өте зиянды екені ешкімге құпия емес. Тіпті қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін, деп жазады РИА Новости.
Ғалымдардың айтуынша, темекі түтінінде төрт мыңға жуық химиялық зат болады, оның кемінде 250-і адам денсаулығына зиян келтіреді екен.
Қытайдың улун шайы мен көк шайдың пайдасы анықталды
Дегенмен темекі шегуді тоқтатсаңыз, дереу ағзаңызда оң өзгерістер басталады:
- 20 минуттан кейін күретамырдағы қан қысымы жақсарады;
- 8 сағаттан кейін қандағы оттегінің деңгейі қалыпқа келеді;
- 2 күннен кейін барлық никотин денеден шығады;
- 3 күннен кейін күш-қуатыңыз артады;
- 2 аптадан кейін қан айналымы күшейіп, алдағы 10 аптаның ішінде жақсарады;
- 3-9 айдан кейін жөтел, сырыл және тыныс алумен байланысты өзге де проблемалар жоғалады, өкпенің көлемі 10 процентке үлкейеді;
- 1 жылдан кейін жүрек талмасы қаупі жартылай төмендейді;
- 5 жылдан кейін инсульт қаупі темекі шекпейтін адамдікімен теңеседі;
- 10 жылдан кейін өкпе рагы қаупі темекі шекпейтін адамға төнетін қауіп деңгейіне дейін төмендейді;
- 15 жылдан кейін инфарк қаупі темекі шекпейтін адамның қаупі деңгейіне қайта оралады.