БОТАНЫҢ БЕРЕКЕЛІ КӘСІБІ
Дүйсенбі мен жұма – редакция тілшілері үшін күрделі күн. Себебі дәл осы күндері біз халыққа ақпарат таратуға асығып, басылымның жаңа санын дайындауға кірісеміз. Бар назарымыз мақалаға ауып, кейде кештің қалай батқанын да аңғармай қаламыз. Бұқаралық ақпарат көздерінде жұмыс істейтін әріптестер мұны жақсы біледі. Бір жақсысы, шығармашылықтың адамдары қанша шаршаса да өз ісінен ләззат алады. Тек қағаз бен қалам ұстағандарға ара тұра еркіндік пен демалыс қажет-ақ. Әсіресе, нәзік жандарға бір сәт тынығып, шаршағанын сұлулық салонынан шығарған ұнайды. Осы тұста сіздерге бірнәрсе айтып берейін...
Кеш қарайып барады. Ал біз газеттің 8-інші санын әзірлеп бітіп, жұмыстан шықтық. Өздеріңіз көріп жүргендей, аудан айналасы бұрынғысынан да ажарлана түскен. Ғимараттар мен тамақтанатын орындардағы қызылды жасылды түстер көздің жауын алады. Жарқ-жұрқ еткен көше шамдары да ерекше шабыт береді. Кенет, сондай жарықтардың арасынан бір жарқыл көзіме оттай басылды. Кеш батса да, жарығы жанып тұрған бұл не болды екен? «Жақсыны көрмекке» демекші, мен де әлгі жалт-жұлт еткен ғимаратқа кіріп көрмекке бекіндім. Жанына жақындай берген едім, ғимарат деп отырғаным – сұлулық салоны болып шықты. Сыртқы көрінісінің өзі бір көрген адамды баурап алатын бұл сән салонының жаңадан ашылғаны көрініп тұр. Сыртқы дизайны да адамды магнитше тартып тұр. Ақырын қадам басып, жаңа ғимараттың ішіне кірген едім, мені Бота Төлегенова жылы шыраймен қарсы алды. Сөйтті де, асқан мәдениеттілікпен сән салонындағы қызмет түрлерімен таныстырып шықты. Ағылшынша айтқанда, өзі «nail master» екен. Сұлулыққа жаным құмар менің де тырнақтарымды қолжетімді бағада істеп беремін деген соң, ойланбастан орындыққа жайғаса кеттім. Сүйрік саусақтары оның нағыз шебер екендігін анық байқатады. Тырнақтарымды боятып отырып, әлгі келіншекті ақырын әңгімеге тарттым. Аталған сән салоны кешкі уақытта да келушілерге қызмет көрсететін болып шықты.

Ботаның негізгі мамандығы – есепші. Өз мамандығымен жұмыс істеген ол бүгінде құй сеніңіз, құй сенбеңіз аудандағы «Таңсу» сұлулық салонының ең деген тырнақ әрлеушісі. Оның бұл салаға келуінің де өзіндік себебі бар. Бота Төлегенова – 1 қыз, 2 ұлы бар жалғызбасты ана. Тағдырдың ісіне шара бар ма?! Оның екінші ұлы аутизмге шалдыққан. Сол себепті өз мамандығынан бас тартып, сұлулық әлеміне келуге тура келген. Баласын ай сайын қажетті ем-домдарға апаруына байланысты мемлекеттік жұмысты істей алмайды. Сосын өзіне жеке кәсіп табудың жолын іздейді. Бүгінде ол күн-түн демей, балаларының тамағы тоқ, көйлегі көк болуы үшін аянбай тер төгуде. «Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің» демекші, тәуекел етіп, тәжірибелі жандардан дәріс алып, сертификатталған маман атанды. Аз уақыттың ішінде тырнақ әрлеуші мамандығының қыр-сырын меңгеріп, бүгінде көпшіліктің алғаусыз алғысын арқалап жүр.
– Әркімнің бұл өмірде алар белесі бар. Бұл мамандыққа аяқасты келдім. Ойымда да болмаған. Қазіргі күні кең әрі жарық «Таңсу» сұлулық салонында қызмет етемін. Бір уақытта 7-8 адамға түрлі сәндік қызмет көрсете аламыз. Менің осындай жетістікке жетіп, кәсіп ашуыма отбасым балаларым себепкер. Мемлекет еңбекқор жастарға мүмкіндік беруде. Түрлі бағдарлама арқылы қайтарымсыз және жеңілдетілген несие түрін қарастырып, кәсіп ашуға жағдай жасауда. Ойы озық, ізденімпаз жастардың арасында бұл мүмкіндікті құр жібермей, өз кәсібін бастап кеткендер қаншама. Мен де мемлекеттен қолдау алып, өз кәсібімді әрі қарай кеңейткім келеді, – дейді жас кәсіпкер.
Салонда өзге де шеберлер қызмет етеді. Олар жас болса да заман талабына сай өзгеріп келе жатқан сән әлемімен бірге дамып, сұлулықтың сырын меңгере түсуде. Өзі сұлу болып қана қоймай, елдің сұлулығы мен игілігіне қызмет етіп жүрген жас кәсіпкерге қалың көпшіліктің алғысы шексіз. Жасаған еңбегіңнің нәтижесі жеміс бергенде анық көрінеді емес пе? Сол себепті Ботаның кәсібі халықтың ықыласы арқылы алға қарай дамитына еш күмәніміз жоқ.
Айта кету керек, ашылғанына небәрі үш ай болған сән салонының тұрақты тұтынушылары да қалыптасып үлгерген. Өйткені ондағы қызметкерлер тұтынушы талғамынан шығуға бар күш-жігерін салады. Соған сай заманауи құрылғылары да тапсырыспен алыныпты. Кейіпкеріміз әңгіме барысында болашақта өзінен кейінгі жас буынды осы кәсіпке баулып, үйреткісі келетінін тілге тиек етті. Сонымен қатар кәсібін одан әрі кеңейтуді де жоспарлап отыр. Демек еңбегіне қарай өнбегі. Өзі жас болса да, тағдыр тәлкегіне мойымай, әр ісіне ыждағаттылықпен қарап, келешегінен мол үміт күтетін жас кәсіпкердің ісіне біз де береке тілейміз.
Сұлушаш МАДИЯРОВА