Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Тәуелсіздік күні қарсаңында аға ұрпақ пен жас ұрпақ өкілдерінің басын қосып, айтулы мерекенің мән-маңызы жайлы ой өрбітуді жөн көрген Арман мәдениет үйінің қызметкерлері ауқымды шара ұйымдастырды.
Жиын тәуелсіздік жолында жанын қиған жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Одан соң қатысушыларға кеш қонақтары, Желтоқсан оқиғасының куәгерлерін таныстырып, сөз кезегін ұсынды. Жиынға арнайы шақырылған оқиға куәгері Сақыпназар Әйтенов бүгінде №6 кен басқармасына қарасты №1 цехтың бұрғылау инженері, ал Ұлболған Бисариева болса №206 Жиделіарық ауылдық мектеп директорының орынбасары, Роза Есенбекова №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп мұғалімі болып қызмет етеді. Олар Желтоқсан оқиғасының ызғары мен бейбіт күннің бағасы жайлы ой-пікірлерімен бөлісіп, бастарынан өткен оқиғаларын баяндап берді.
Шара барысында өнерпаздар арнау өлеңдерін оқып, патриоттық әндер шырқады.

Гүлхан ЯХИЯ
19 желтоқсан 2022 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31