Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмылсақ ғана жеңеміз

Жұмылсақ ғана жеңеміз

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында да нақты айтылған. Мемлекет басшысы тарапынан Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға жемқорлықты жою бағытында тапсырмалар беріп, міндеттер айқындалған.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі. Сыбайлас жемқорлық – мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерге тамырын жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кесел. Бұл – дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіруде.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмысына негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау секілді жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлыққа деген қоғамның немқұрайлылығы және төзімділігі, адамдардың пара беру мәселесіне жеңіл қарауға мемлекетіміздің іргетасын ыдыратуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықпен күресу күрделі мәселе. Өйткені ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан онымен күресті тек заң қызметкері ғана жүзеге асырады деп ойламай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс болмақ.
Десе де дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік хал-ахуалы жақсарып келе жатқан тұста алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болатын сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою әрбір перзенттің парызы.

Нұрланбек Оспанов,
Талаптан ауылдық округі әкімі
аппаратының жетекші маманы
12 желтоқсан 2022 ж. 221 0